
Бүгін Ақтау қалалық сотында Тоқберген Әбиев, Азамат Таңатаров және басқа да тұлғаларға қатысты сот үкімі жарияланды. Қылмыстық істі қарау барысында олар Маңғыстау өңіріндегі сот және мемлекеттік органдардың жұмыстарына әлеуметтік желі немесе басқа да ақпарат құралдары арқылы кедергі келтіргені анықталды.