ШҰҒЫЛ! Жергілікті таеквондошылар жарыста топ жарды Толығырақ

Тұрғындардың 99 пайызы жаңа жүйеде

19:19, 13 шілде 2017

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне Маңғыстау халқының 99 пайызы енгізілді. Жаңа бастама 2018 жылы толық іске қосылады. Дегенмен, әлі күнге мәртебесі анықталмаған 2 мыңнан астам тұрғын бар. Бұған қоса, 800 адам шетелде жүр.

Жаңа жүйе бойынша, мүмкіндігі шектеулі жандарға, зейнеткерлерге, балалар мен студенттерге, жүкті әйелдер мен 3 жасқа дейін бала күтіміндегі әйелдерге медициналық көмек тегін көрсетіледі. Сондай-ақ, жедел жәрдем шақыру, егілу, әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу, шұғыл медициналық көмек алу ақысыз болады. Ол үшін мемлекет қаржы қарастырған. 

Сәнім Танаева - МО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

Аяқ астынан аппендицит болып қалды делік қарапайым тілмен операция керек. немесе санавиацияның күші керек. болса, бұлардың бәрі тегін қолжетімді болады. Олар взнос жарна құйса да құймайды олар қоймайақ үкіметтен бұларға қаржы бөлініп, медициналық көмекті тегін ала алады.

Ал, жұмыс істейтін тұрғындар шілденің 1-нен бастап айлық жалақыларының 1 пайызын арнайы қорға аудара бастады. 2018-жылы жарна көлемі 1,5 пайыз болады. Қордағы қаржыны Үкімет қадағалайды.

Сәнім Танаева - МО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

Жұмыс істемейтін азаматтар тез арада барып жұмыссыздыққа тіркелуі керек. Өзінің статусын анықтауы керек. Өйткені ол кісілерге қиын болады ертең. Міндетті әлеуметтік мед сақтандыру 2018- бірінші қаңтарынан бастап жұмыс жасайды.

Облыста 640 мыңнан астам тұрғын болса, соның 637 мыңға жуығы жаңа жүйеге енгізілді. Қазір қалған 2 мыңнан астам тұрғынның жағдайы анықталып жатыр. Олар негізінен өңірге уақытша жұмысқа келгендер.

Тақырып бойынша материалдар

Қол күрестен облыстық чемпионат өтті
20:31, 21 қараша 2017
Қол күрестен облыстық чемпионат өтті
Толығырақ...
Жергілікті таеквондошылар жарыста топ жарды
20:31, 21 қараша 2017
Жергілікті таеквондошылар жарыста топ жарды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Патентсіз жолаушы тасыған таксистер ұсталды
20:36, 16 қараша 2017
Патентсіз жолаушы тасыған таксистер ұсталды
Толығырақ...