ШҰҒЫЛ! Ақын Е. Раушановтың шығармашылық кеші Толығырақ

Тұрғындардың арыз-шағымы басты назарда

21:42, 10 тамыз 2017

Тұрғындар шағымы - басты назарда. Өңір әкімі жылыту маусымына дайындықты тыңдағаннан кейін облыс тұрғындары жолдаған хаттарды шолып шықты. Көтерілген тақырыптардың қатарында газ, су, электр желісі, жол мен жұмыссыздық мәселесі бар.

Өңірде әлге дейін газ тартылмаған үйлер бар. Мұнайлы ауданының Атамекен ауылындағы 30 баспана 3 жылдан бері отын жағып әлек. Газ құбыры жүргізілмеген. Зарыққан тұрғындар ауыл, аудан әкімдігіне хабарласқан. Алайда, олар жобалық-сметалық құжатын сылтауратып, әне-міне шешіледі деумен жүр. Сарсаңға салынған халық облыс әкіміне мәселенің мән-жайын шешіп беруді өтініп хат жазған. Аймақ басшысы бұл мәселені аудан әкіміне бір айдың ішінде шешуді тапсырды.   

Нұрлан Тәжібаев - Мұнайлы ауданының әкімі

Арнайы жоба жасау керек. Соған байланысты қазір құжаттар жасап жатырмыз.

Ақшұқыр ауылының Сәрсенов көшесінде де дәл осы жағдай. Тұрғындар газға жарымай отыр. Аудан әкімі бұл мәселеге қатысты жобалық-сметалық құжаттың дайындалып жатқандығын айтты. Алайда, бұл ақшұқырлықтардың соңғы проблемасы емес. Тұрғындар ауылға тартылған су құбырынан ауыз судың берілмеуіне наразы.

Ералы Тоғжанов - Маңғыстау облысының әкімі

Я буду выезжать на место. Егер мына апамыздың айтқаны рас болса сенің жағдайың қиын. Шешпей отырсыңдар. Егер олай болмаған болса, олар маған ашынып хат жазбайтын еді.

Ақшұқырда су құбыры жүргізіліп, су жіберілмей отырса, ал қызылтөбеліктердің жағдайы тіпті мүшкіл. Ауылда су құбыры атымен жоқ.

Нұрлан Тәжібаев - Мұнайлы ауданының әкімі

Жобалық-сметалық құжаты жасақталуда. 2018 жылы бастаймыз.

Жиында «Шығыс екі» тұрғындарының шағымы да оқылды. Шағын ауданда жаяу жолы жоқ. Одан қалды тұрғын үйлер орталық кәріз жүйесіне қосылмаған.

Серікбай Трұмов - Ақтау қаласының әкімі

Жобалық-сметалық құжаты жасақталып жатыр. Қыркүйек аяғында жобасын аламыз.

Өңір әкімі ЖОО үздік аяқтап, әлі күнге дейін жұмысқа орналаса алмай жүрген жас мамандар мәселесін де көтерді. Білім басқармасының басшылығына бұл олқылықты тез арада шешуді тапсырды.

Ералы Тоғжанов - Маңғыстау облысының әкімі

Қызыл дипломмен бітіріп келген бала, жұмыс жоқ дейді. Өңірге 201 мұғалім керек. Шешіңіздер.

Сондай-ақ, отырыста Жаңаөзен мен Кендірлі арасындағы жөндеу жұмысы және Қызан ауылындағы балабақшаға шектеулі мөлшерде берілетін су мәселесі де сөз болды. Ералы Тоғжанов жауапты мамандарға тұрғындардың шағымын ескерусіз қалдырмауын талап етіп, тапсырмалар жүктеді.

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті
20:56, 23 қазан 2017
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар