Тұтынушылар саны артып келеді

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына келушілер күн санап артып келеді. Сондықтан осындағы күту залы таршылық етуде. Мұнан бөлек, нарколог дәрігерлері жетіспейді. Ғимарат алдындағы орындықтар аз. Аталған орталыққа қоғамдық көлікпен жетудің өзі оңайға соқпайды. Бұл туралы бүгін тиісті құзырлы органдардың тексеру нәтижесінде белгілі болды.

19:20, 11 тамыз 2017   301

Алдымен құзырлы орган қызметкерлері көлік құралдарын тексеру пункінде болды. Мұнда криминалдық және айыппұл тексеретін бөлімдер бар. Осы жерде теміртұлпардың шанақ нөмірлерінің сәйкестігі тексеріледі.

Әрі қарай мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратын аралап көрді. Мұнда күніне 400 тұтынушыға қызмет көрсетіледі.  Осы орайда күту залының таршылығы айтылды.  Сонымен қатар, нарколог дәрігеріне  келген тұрғындар көп уақыт кезекте тұрып қалғандарын айтты.

Ерлеген Мендалиев - ҚР МҚІ және СЖҚІҚА МО департаменті басшысының міндетін атқарушы

бірінші мәселе күту залын кеңейту керек. осы сұрақты жауапты мамандарға қоямыз. Сосын нарколог дәрігерлердің  тексеруіне келгендер көп уақыт кезекте тұрып қойған, оны мо денсаулық сақтау басқармасымен шешеміз.

Орталықта теміртұлпарды рәсімдеп, көлік жүргізу куәліктерін береді. Сонымен қатар, теміртұлпарды техникалық тексерістен өткізіп, тағы да басқа қызметкерді көрсетеді. Қазір мекемеде 40-қа жуық маман бар. Орталыққа қоғамдық көлікпен жету мәселесі шешілмей тұр.

Сүйіндік Қарынбаев - мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы

1 мартрут келеді.  08,00 15 шағын ауданнан жүреді. Өзінің маршуты бар. Осы жерге 8,30 келеді. ол тек бір ақ рет жүреді. Интервалі көбейсе нұр үстіне нұр болар еді.

Осы орайда ғимараттың алдындағы  орындықтартың жетіспейтіндігі белгілі болды. Сонымен қатар, орталықтың алдын көгалдандыру қажеттілігі айтылды. Шараның негізгі мақсаты, халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру болып табылады.

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14