ШҰҒЫЛ! Жол апаты Толығырақ

Тың технология

20:42, 13 қаңтар 2021

Ақтаудағы Назарбаев мектебінің шәкірті тың технология ойлап тапты. Ол - көгал мен жылыжай суаруға арналған робот. Оқушы бұл жобасымен республикадағы Назарбаев мектептері арасындағы ғылыми жобалар байқауында озық шыққан.

Көгал суаруға арналған бұл робот машина - ылғалдылық датчигі, автосурау жүйесі мен жасанды интелекттен тұрады. Мұндағы ылғалдылық датчигі - жердің ылғалдық мөлшерін өлшейді. Ал автосурау жүйесі датчик көрсеткен мөлшермен су құяды. Ал жасанды интелект машинаның алдынан шыққан кедергіні анықтап, оның қатесіз жұмыс жасауын реттейді. Оқушының ойлап тапқан жаңалығы әзір тек макет күйінде. Жаңа жобаны оқушы күнбе- күн дамытып жатыр.

Диана Қуанбай - оқушы

Қолданысқа енгізу үшін бұған қорғаныш корпус қажет. Жетілдіретін детальдарымыз бар күн панелі, жпс яғни телефоныңызға көрініп тұрады қанша энергия қалғанын , қанша су қалғанынжәне қай жерде орналасып тұрғаны көрініп тұратын деңгейге жеткізігіміз келеді.

Диананың бұл жаңалығы елдегі Назарбаев зияткерлік мектептері арасындағы ғылыми жобалар байқауында жүлделі екінші орынға ие болған. Ал ол жүлде Дианаға республикалық байқауға қатысуға мүмкіндік берген.

Мөлдір Керекова - ұстазы

Оқушының қызығушылығы бойынша жұмыстанған болатынбыз. Республикалық конкурсқа өту үшін  физикалық білім деңгейін де қарайды ол жерде егерде физикадан тесттен өте алмайтын болса оның проектсі жақсы болса да қатыса алмайды. Ол жерден де жақсы баға алып республикалық кезеңге өтті.

Республикалық ғылыми жобалар байқауы наурыз айына жоспарлған. Оған дейін оқушы мен жетекшісі макет күйіндегі машинаның жетпес жерін жетілдіріп қолданысқа енгізуді көздейді. Ал оның алғашқы сыналар жері мектеп жылыжайы болмақ.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Бүгін Мемлекет басшысы Үкіметтің жаңа құрамын жасақтады
21:20, 18 қаңтар 2021
Бүгін Мемлекет басшысы Үкіметтің жаңа құрамын жасақтады
Толығырақ...
Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау бойынша кеңес өтті
21:20, 18 қаңтар 2021
Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау бойынша кеңес өтті
Толығырақ...
2021-2025 жылдарға арналған облысты дамыту бағдарламасы
21:19, 18 қаңтар 2021
2021-2025 жылдарға арналған облысты дамыту бағдарламасы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды
19:49, 14 қаңтар 2021
Өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды
Толығырақ...
Облыстық мәслихаттың жаңа құрамы бекітілді
23:07, 15 қаңтар 2021
Облыстық мәслихаттың жаңа құрамы бекітілді
Толығырақ...