ШҰҒЫЛ! Қаладағы кәуап орталығы заңсыз балық сатқан Толығырақ

Үздік әлеуметтік қызметкерлер іріктеліп жатыр

21:04, 12 қыркүйек 2017

Қазанның соңғы жексенбісінде «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні» мерекеленеді. Осыған байланысты «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» конкурсы өткізіледі.

Биылғы үміткер Мұнайлы аудандық  халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Зәуреш Нұрболат. Қабырғасы қаланғалы осы мекемені басқарып келе жатқан маман жайында келесі бейнематериалымызда.

Зәуреш Нұрболат орталық ашылғаннан бастап алты жыл бойы халықтың әл- ауқатын арттыру жұмыстарына өз үлесін қосып келеді. Ол басқарған жылдары ауданда әлеуметтік жұмыс орындарына 1049, жастар ісі тәжірибесіне 169 жас тартылып, 216 адам қоғамдық жұмыспен қамтылған.

Зәуреш Нұрболат - Мұнайлы ауданы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры

Биылдың өзінде 936 адамды тұрақты жұмысқа жібердікОсы жылдарда бағдарламаның екінші бағыты аясында 157 адамға 439 млн 836 мың несие берілді. Әр түрлі мақсатқа ауыл шаруашылығына, балабақшаларға, тігін цехна әр түрлі бағытқа несие беріліп олар өздерінің қызметін көрсетіп жатыр.

Әлеуметтік қызметкердің негізгі міндеті - алдына жұмыс сұрап не кәсібіне көмек сұрап келгендерге қол ұшын беру. Ол басқарған мекеменің көмегімен несие алып, кәсібін дөңгелеткендердің бірі - Басқұдық ауылының тұрғыны  Мұхан Нұржанов.  Ол мекеменің көмегімен 3 млн теңге несие алып, тігін шеберхасын ашқан. Қазір цехта 4 адам жұмыспен қамтылып, өнімдері халық сұранысын толық өтеп отыр.

Мұхан Нұржанов - кәсіпкер

Елбасымыздың бағдарламасы сау болсын кәсіпкерлерге көмек деген . Жұмыспен қамту орталығына бардым Нұрболат Зәуреш деген  апамыз бар екен. Сау болсын сол кісінің қатты көмегі тиді. кредит алуыма да септігін тигізді. қандай қағаз керек соның бәрін жасап , 10 күннің ішінде несиемді алдым.

Бұл Зәуреш Нұрболат басшылық ететін ұжым көмегімен ісін өрлетіп отырғандардың бір мысалы. Көпке қызмет ететін Зәуреш Нұрболат белсенді және жемісті еңбегі үшін әр жылдары Елбасының, облыс әкімдерінің алғыс хатымен "ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл" , "Маңғыстау обьлысына 40 жыл" төсбелгілерімен марапатталыпты. 

Тақырып бойынша материалдар

Бейнеу ауданына  жаңа әкімі тағайындалды
20:31, 25 қыркүйек 2017
Бейнеу ауданына жаңа әкімі тағайындалды
Толығырақ...
Қаладағы кәуап орталығы заңсыз балық сатқан
20:31, 25 қыркүйек 2017
Қаладағы кәуап орталығы заңсыз балық сатқан
Толығырақ...
Республикалық ақындар мүшәйрасы өтті
20:31, 25 қыркүйек 2017
Республикалық ақындар мүшәйрасы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты
18:53, 22 қыркүйек 2017
Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты
Толығырақ...
Маңғыстауда жасанды жолмен 10 сәби дүниеге келді
18:53, 22 қыркүйек 2017
Маңғыстауда жасанды жолмен 10 сәби дүниеге келді
Толығырақ...
Бейнеу ауданына  жаңа әкімі тағайындалды
20:31, 25 қыркүйек 2017
Бейнеу ауданына жаңа әкімі тағайындалды
Толығырақ...