«World skills» кәсіби шеберлік байқауы басталды

Маңғыстаулық студенттер Республикалық «World Skills» деп аталатын кәсіби шеберлік дайындық үстінде. Қазір колледж ішілік сайыс өтуде. Одан іріктелгендер ақпанның 22-сі мен 24-ті аралығында өтетін облыстық сында бақ сынасады. Жеңімпаздар наурыз айында елордада өтетін Республикалық сайыста өңір намысын қорғайтын болады. Шеберлігін шыңдауға ниетті студенттер көп. Туризм колледжінің өзінде 6 аталым бойынша 31 студент қатысуда.

22:24, 17 ақпан 2017   343

Нұрлан Үсен - тілші

13-ші ақпаннан бері колледж студенттері өздері оқып жатқан мамандық бойынша сынға түсті. Яғни, «туризм менеджері», «қонақ үй шаруашылығы» және «аспазшы» мамандығы өзара сынға түсіп, кәсіби маман екендері дәлелдеуге тырысты.Сайысқа түскен әр қатысу жазбаша және ауызша тестілеуден бөлек арнайы тапсырманы орындайды. Мәселен, бүгінгі кезек кондитерлерге келді. Олар түрлі ингридиенттерді пайдаланып әдемі тағамдар жасау керек.

Тілектес Алкувадова бала кезінен дәмді ас пісіруге құмар. Бүгінде «тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығында білім алып жүр. 4 жылдан бері аспаз, кондитер, наубай және даяшы мамандығын меңгеруде.Үйренгенін өзгелермен бөліспекші.

Тілектес Алкувадова - студент

Пекарь мамандығы бойынша қатысып жатырмын. Бұйырса жүлделі орындар алып, Астанадағы жарысқа қатысамын деген ойдамын.

Сынға түскен 5 кондитерге әділ қазылар арнайы тапсырма берді. Талап бойынша торттың дәмі ғана емес көлемі, безендіруі, қоспалары ескеріледі.

Айна Әлібекова - «Тамақтандыруды ұйымдастыру» пәні мұғалімі

Негізгі модульдың тақырыбы "1001" түн деп аталады, немесе "шығыс ертегілері". Бұл модульдердің ішінде "марцепан" деген жейтін ермексаз бар. Содан өздерінің ойынан тақырыпқа байланысты қандай да бір мүсіндер, жеміс-жимдектер жасап шығару керек. Және соған арналған торттар түрлері.

Нұрлан Үсен - тілші

Мынау шоколад, міне сайысқа қатысушыларға қойылатын тағы бір талап - шет тілінде еркін сөйлеу. Яғни, әр маман өз қызметін әлемдік стандарттарға сай көрсету керек.

«Қазақстан-Ақтау» Ұлттық телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14