ШҰҒЫЛ! Заңбұзғандар жауапқа тартылды Толығырақ

Зейнетақы мен жәрдемақы өседі

20:53, 19 мамыр 2017

Елімізде қазір ең төменгі зейнетақы 46 мың теңгеге жуықтайды. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты. Ол бүгін Мәжілісте зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру бойынша құжатты таныстырды. Ведомство басшысы бала туу бойынша бір рет берілетін жәрдемақы көлемінің артатынын жеткізді.

Мәжіліс зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру бойынша заң жобасын мақұлдады. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға өседі. Бұл барлық зейнеткерге, яғни 2 миллионнан аса адамға қатысты.

Құжатқа сәйкес бала тууға байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшерін 20 пайызға арттыру көзделген.Мысалы, бірінші, екінші, үшінші балаға 71 мың 270 теңгеден 86 мың 222 теңгеге дейін төртінші және одан көп балаға 118 мың 783 теңгеден 142 мың 947 теңгеге дейін артатын болады.

Қазақстанда еңбек мигранттары көбейді

Қазақстанда 3600 жұмыс беруші шетелден жұмыс күшін тарту туралы 6,7 мың рұқсаттың мерзімін ұзартты. Мұндай мәліметті еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2017 жылдың 1 мамырында тіркеді. Сонымен, еңбек мигранттары Қазақстанның ең көп шоғырланған облыстар: Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан,  Ақтөбе, Астана, Алматы. Ал, еңбек мигранттары Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар облыстарында аз шоғырланған екен. 

Қазақстанда 6 мың компания таратылды

Өткен жылы Қазақстанда 6 мыңға жуық кәсіпорын жұмысын тоқтатты. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 3,5 есе аз. Ең көп жабылған компаниялар көтерме және бөлшек сауда саласында тіркеліпті. Бұл секторда 1,9 мың компания таратылған. Одан бөлек, 744 құрылыс мекемелері, 404 ғылыми ұйымдар мен 341 өңдеу өнеркәсіптері жұмысын тоқтатты. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығында 287 заңды тұлға, жылжымайтын мүлік саласында - 275, ал қаржы және сақтандыру саласында - 226 мекеме жабылған. Ал  тау-кен өндірісінде 43 компания таратылыпты.

Ұлттық валюта нығайды

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында айтарлықтай нығайды. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 312,89 теңгеге тең болды. Еске салайық, 18 мамырда доллар бағамы 313,53 теңге болған еді.  Таңғы сауданың бірінші келісімі 312,4 теңгемен өтті және осы минималдық құны болды. Ал максималдық құны - 313,4 теңге. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 312,3-313,9 аралығында. Мұнай бағасы 19 мамырда сәл көтерілді. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 52,93 доллар болды.

Тақырып бойынша материалдар

34 жасар жігітті өлтіргендер іздестірілуде
20:20, 20 қараша 2017
34 жасар жігітті өлтіргендер іздестірілуде
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Патентсіз жолаушы тасыған таксистер ұсталды
20:36, 16 қараша 2017
Патентсіз жолаушы тасыған таксистер ұсталды
Толығырақ...