ШҰҒЫЛ! "Бастау-Бизнес" жобасы аясында 1056 адам оқытылады Толығырақ

Жаңаөзенде газ мәселесі тұрақты

19:37, 9 тамыз 2017

Көлікке арналған сұйытылған газ мәселесін облыс әкімі тікелей қадағалауына алғаннан бері Жаңаөзен қаласының газ құю бекеттерінде де жағдай тұрақтала бастады. Бұрынғыдай ұзынсонар кезек те азайған. Өйткені, жеке кәсіпкерлер тәулігіне жетерлік газ мөлшерін уақытылы алуда.

Мұнайлы қалада бүгінгі таңда 42 газ құю кәсіпкерлік нысандары бар. Жалпы алғанда айына 3844 тонна газ әкелінеді.Оның ішінде 2200 тоннасы жеке кәсіпкерлерге берілсе, 1644 тонна газ Қазмұнайгаз бекттеріне бөлінеді. Ал, жүргізушілер болса көлік кезегінің азайғанына риза.

Наурыз Сақтағанов - қала тұрғыны

«Газ бекеттеріндегі жағдай бұрынғыдан жақсарды. Кезек азайды. Алдағы уақытта осылай тұрақты түрде қаланы газбен қамтамасыз етеді деп ойлаймыз. Бұрын неліктен кезек көбейіп, мәселе туғызғанын білмейміз».

Жаңаөзен қаласындағы газ құю бекеттерінің ең ірілері Қазмұнайгаз компаниясының нысандары. Рахат, Теңге ауылдарында да көлік көптеп шоғырланатын нүктелер бар. Негізінен, көпті ығыр қылған кезектер осы жерлерде байқалады.Себебі оларқалаға жақын орналасқан. Ал қала сыртындағы бекеттер көбіне бос тұрады екен.

Марина Қаратпаева - Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік бөлім басшысының міндетін атқарушы

«Қала тұрғындарын, оның ішінде жүргізушілерді тек қана ірі газ бекеттеріне бармай, басқа да нүктелерде газ тұтынуға шақырамыз. Өйткені, кезектің көбейіп кетуі содан болып тұр деген болжам бар».

Облыстағы газ құю бекеттеріндегі жағдай аймақ басшысының және жергілікті жерлердегі әкімдердің қадағалауында болады. Бұл бағытта күнделікті мониторинг жүргізіліп отырмақ. Сонымен қатар, ірі елді мекендерді көлік газымен тұрақты қамтамасыз ету бойынша арнайы шаралар да жасақталған.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Жастар фестивалі алаңдаушылық тудырды
19:39, 18 сәуір 2018
Жастар фестивалі алаңдаушылық тудырды
Толығырақ...