Жаңаөзенде ұрлық азаймай тұр

Жаңаөзенде ұрлық тыйылмай тұр. Өткен жылы қалада 1200-ден аса құқықбұзушылық тіркелген. Оның 50 пайызы ұрлық фактісі. Қылмыстың дені көше бойында орнатылған бейнекамера көмегімен ашылған. Ұрыларды ізін суытпай ұстауға бейнебақылаудың пайдасы көп. Дегенмен тәртіп сақшылары халық арасында ескерту жұмысын күшейтті. Қала мен ауылдағы үйлерді аралап, тұрғындарға ақпараттық парақша таратуда.

21:26, 11 қаңтар 2017   260

Тілші: Бөтеннің затын ұрлау қазіргі кезде белең алып отыр. Алайда, ЖҚ  ЖПҚ инспекторлары үй -үйді араласа, жол сақшылары тоқталған әр бір көлік жүргізушісіне арнайы ескертпе бетшелерін таратуда. Онда, үй, көліктеріңіз бен т.б заттарыңызды қараусыз қалдырмау және түрлі заңбұзушылықтардың куәсі болсаңыз сенім нөміре хабарласуы жазылған.

Тілші: Бұл «Шаңырақ» шағын ауданында орналсақан Әбен азық түлік дүкені. Бұл нысанға  бір рет ұрлыққа түспек болғандар темір есікті бұзып кіре алмаған. Абырой болғанда, тарсылдаған дыбысты естіген қарсы беттегі үйдің тұрғындары тәртіп сақшыларын шақыртқан. Осындай жағдай қайталанбаса екен деген кәсіпкер, дүкен ішіне дабыл белгісімен қоса, бейнебақылау да орнатқан.

Гүлім Сәрсенғалива - кәсіпкер

Дабыл белгісі мен бейнебақылау құрдық. Учаскелік инспекторларымыз келіп ескертіп кетеді, сағат  түнгі 12-ден кейін  ашпай керектігін айтып.

Тілші:  Бүгінде тұрғындар үйлеріне темірден есік пен терезе қоюды дұрыс деп санайды.  Рахат ауылында жолдың бойында орналасқан мына цехта, өлшемі мен дизайнына қарай бағалары әр түрлі темір есік пен терезеге арналған торларды кездестіруге болады. Мықты темірден жасалған, ұры кіре алмайтын мұндай қорғанысқа сұраныс өте көп екен.

Зағипа Жақсымұратова - кәсіпкер

Дәнекерлеушілерге темір есік пен темір торға тұрғындардан сұраныс көп келеді. Ұрылардан қорғану үшін осындай есік терезені қондырады. Заказ көп. Бағалары қолжтімді.

Тілші: Жалпы Жаңаөзен қаласында былтырғы жылмен салыстырғанда биыл ұрлық қылмыстары 925-тен, 691-ге азайған. Алайда, тұрғындар пәтер, дүкен мен өздерінің жеке заттарын қараусыз қалдырмаса дейді ЖПҚ басшысы Серік Айдаров.

Серік Айдаров - ЖҚ ІІБ ЖПҚ басшысы

Тіркелген қылмыс 1657-ден 1256-ға, немесе 24пайызға төмендеп отыр.Соның ішінде ұрлық қылмыстары 925-тен 691-қылмысқа немесе 25 пайызға төмендеген. Жалпы 1269 қылмыстың 691-ұрлық қылымыс болып тұр. Осы жылдан басатап ұрлықтың алдын алу бойынша  барлық ІІБ ЖПҚинспекторлары халық арасында түсіндіме жұмыстарын  жұмылдырылып жүргізуде.

Тілші: Ұрлықтың алдын алу бойынша жасалып жатырған жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады.

«Қазақстан-Ақтау» Ұлттық телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14