Жаңаөзенде жаңа цех ашылды

Батыс Қазақстан бойынша алғаш рет Жаңаөзенде бинт шығаратын цех ашылды. Жеке кәсіпкер қазақстандық өнімді арттырып, ішкі нарыққа шығаруды көздеп отыр. Сапалы, стерильденген және стерильденбеген таңу материалдың 2 түрі 60 90 күннің ішінде сатылымға шығарылады. Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Исахан Сағынбаев жаңа кәсіпкерлік нысанды салтанатты түрде ашты.

21:27, 17 наурыз 2017   962

Жаңа цехтың іске қосылуымен жергілікті төрт тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды. Олар «Жаңа серпін» бағдарламасы бойынша арнайы оқытылғандар. Болашақта өнімге деген сұраныс артса, қызметкерлер санын тағы екі немес төрт адамға көбейту қарастылырған.  

Исахан Сағынбаев - Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары

Бұл өнімдердің Жаңаөзен қаласы тұрғындары үшін пайдасы зор. Жаңаөзенде бірнеше мемлекеттік және жекеменшік медициналық мекемелері бар. Соларға қажетті бинт өнімдері осы цехтан берілетін болып жатыр. Цехтың көлемі үлкейіп, тұрғындарға көп көмегі тиеді деген үміттеміз. Әрі жұмыссыздық мәселесін шешуге көп үлес қосып жатыр.

Цех күніне 6  8 сағат жұмыс істейді. Бір минутта 30  60 дана бинт орамдары дайындалады.  Арнайы МНР  90 аппаратымен дәке оралады. Өлшеміне қарай кесіледі. Минипак  Ф құрылғысымен қапталып, стерильденеді. 

Мақсат Егембердиев - кәсіпкер

Өлшемдері 5- ке 10, 7-ге 14, 5-ке 7,  7 метрге 7 сантиметр. Бағасы төмен болады. Себебі біз шикізат түрінде алып отырмыз. Мемлекеттің кәсіпкерге қолдауы көп, сондықтан көтерме бағасы төмен болады».

Әзірше стерильденбеген бинттер шығарылды. Олар сараптамаға жіберіліп, Қазақстан Республикасының реестріне енгізіледі. Содан кейін ғана сатылымға шығарылады. Ал, Батыс Қазақстанды толығымен жаңа жылдан бастап қамту жоспарланып отыр.

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14