ШҰҒЫЛ! Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты Толығырақ

Жаңаөзенде "Жасыл ел" маусымы ашылды

22:08, 17 шілде 2017

Жаңаөзенде «Жасыл ел» еңбек маусымының он үшінші ашылу салтанаты болды. Биыл бағдарлама бойынша он алты жастан асқан екі жүз елу жоғары сынып оқущылары мен студенттер жұмыспен қамтылады. Қатысушылардың дені аз қамтылған және толық емес отбасы балалары. Жас жұмысшылар екі ай бойы көлемінде қаланың санитарлық тазалығын сақтап, абаттандыружұмыстарына атсалысады.

Алғашқы лек шілденің бірінен бастап жұмысқа кірісті. Күніне сегіз сағат еңбек етеді. Уақытты қызықты өткізу үшін жастар, сондай ақ, апта сайын сауықтыру шараларына қатысады. Қалампыр Оразымбетова жазғы демалысында ата - анасына қолғабыс болуды ұйғарып, жасыл елге алғаш рет қатысып отыр.

Қалампыр Оразымбетова - «Жасыл ел» бағдарламасына қатысушы

«Ең қызығы мен осы жылы өзімнің алғашқы жалақымды аламын қолыма. Бұл мен үшін өте қуанышты жағдай. Керек жарағымды өзімнің жалақыма сатып алатыныма әлі сене алмай тұрмын».

Шара аясында Жаңаөзенде 2015 - 2016 жылдарыбес жүз бала жұмыспен қамтылған болатын. Бағдарламаға қатысушы жастардың еңбегі ақылы. Бір ай бойы жасаған жұмыстарына отыз бес мың теңге жалақы беріледі. Ол үшін биыл жергілікті бюджеттен он бір миллион теңге қаражат бөлінген.

Жадыра Шалабаева - «Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы

«Жасыл елге арнайы құжат жинау жұмыстары мамыр айында басталды. Қазіргі таңда тоқтатылды. Өйткені, біз 250 баланы саралап алдық. Жұмыс жасау ережесі де өзгерді. Әрбір ауылда өздерінің координатаорлары бар. Тазалық, ЖПИКтермен де жұмыс жасауды тоқтаттық. Әрбір територияны өзіміз анықтап, жасап жатырмыз».

Салтанат барысында жас дизайнерлердің туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Талантты өнертапқыштардың жұмысына қаныққан қонақтар, ары қарай қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.

Тақырып бойынша материалдар

Ақтауда ағзасын ауыстырғандардың ашық жарысы басталды
20:55, 22 қыркүйек 2017
Ақтауда ағзасын ауыстырғандардың ашық жарысы басталды
Толығырақ...
Қазақстан бокс федерациясы кубогының турнирі басталды
20:55, 22 қыркүйек 2017
Қазақстан бокс федерациясы кубогының турнирі басталды
Толығырақ...
Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты
18:53, 22 қыркүйек 2017
Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстан блоггерлері Маңғыстауда
20:42, 18 қыркүйек 2017
Қазақстан блоггерлері Маңғыстауда
Толығырақ...
Ақтауда мүгедек балаларға арналған  жаттығу залы жоқ
19:17, 18 қыркүйек 2017
Ақтауда мүгедек балаларға арналған жаттығу залы жоқ
Толығырақ...