ШҰҒЫЛ! Түркіменстанмен ынтымақтастық артады Толығырақ

Жаңаөзендік "Мерейлі отбасы" анықталды

20:53, 19 мамыр 2017

Отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңі аяқталды. Бір ай бойы жүргізілген іріктеу кезеңінде жаңаөзендік жеті отбасы бақтарын сынады. Комиссияның шешімімен Сарыбек пен Қойшыбаевтар отбасы облыстық сайысқа жолдама алды. Жеңімпаздар мен қатысушы жанұяларды қала әкімінің орынбасары Исахан Сағынбаев салтанатты түрде құттықтады.

Биыл төртінші рет ұйымдастыған «Мерейлі отбасы» байқауының қалалық кезеңіне Сарыбек, Қойшыбаевтар, Қонақбаевтар, Рахмановтар, Ізмағанбетовтер, Жұбановтар және Ермекбаевтар жанұясы қатысты. Бұрғышы, дәрігер, ұстаз, коммуналдық саласында еңбек етіп, қаланың экономикалық дамуына өзіндік үлестерін қосып жүр. Отбасылық құндылықтарды дәріптеп, кеңінен насиахаттаған қатысушыларға қала әкімінің атынан диплом мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Исахан Сағынбаев - Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары

Өткен жылы біздің облыстан Құлсариевтер отбасы республикадан жеңімпаз болды. Біздің 140 мың халқы бар мұнайшылар қаласыда мерейлі отбьасыларды іріктеуге барлық мекеме, ұжымға хат жібердік. Ауыл әкімдері, мекемелерден бізге ұсыныс келіп түсті. Жалпы осы конкурсқа жеті отбасы ұсынылды.

Қойшыбаевтар әулеті қалалық байқаудың жеңімпазы атанды. Таңбай ата мен Мүбин әже он балаларынан тараған он тоғыз немере мен он екі шөберені қызықтап отыр. Қуаныштарымен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Түгелбай Қойшыбаев - байқауға қатысушы

Өзен бұрғылау мекемесінде әкеміздің жолын қуып, жұмыс бастадық. Әкемнің немерелері де мұнайшы болып жұмыс жасап жатыр. Біз «мерейлі отбасы» конкурсынан қалалықта жеңімпаз атанғанымызға өте қуаныштымыз.

Қалалық кезеңнің ережесіне сәйкес, үміткерлердің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері сараланды. Жеңімпаздар қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі комиссияның шешімімен анықталды. Екінші кезеңге жолдама алған отбасылар мамырдың он тоғызы күні облыстық байқауда сынға түседі.

Тақырып бойынша материалдар

Түркіменстанмен ынтымақтастық артады
19:22, 19 сәуір 2018
Түркіменстанмен ынтымақтастық артады
Толығырақ...
Ж. Үшкемпіров атындағы грек-рим күресінен халықаралық турнир өтеді
19:22, 19 сәуір 2018
Ж. Үшкемпіров атындағы грек-рим күресінен халықаралық турнир...
Толығырақ...
"Нұрлы жол" бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылып келеді
19:22, 19 сәуір 2018
"Нұрлы жол" бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылып келеді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жастар фестивалі алаңдаушылық тудырды
19:39, 18 сәуір 2018
Жастар фестивалі алаңдаушылық тудырды
Толығырақ...