Жаңбыр суына тосқауыл

Жарты тәулікке жуық жауған жаңбырдан қаланың бірнеше көшесінде көлшіктер пайда болды. Түнгі мезгілде болғандықтан кейбір аулаларға су жиналып қалыпты. Табиғаттың тосын мінезінен туындаған жағдайды реттеу үшін Жаңаөзен қаласының әкімдігіне қарасты мекемелердің арнайы техникалары мен жұмысшылары жұмылдырылды. Көмек ретінде «Өзенмұнайгаз» АҚ мен серіктестіктерінен де қосымша көліктер шақырылған.

21:11, 20 сәуір 2017   424

Тілші: Арнайы техникалар «Өзенэнергосервис» кәсіпорны жанындағы көлік жолына жинақталған жаңбыр суын, Маңғыстау көшесінде пайда болған көлшіктерді тазартуға кірісті. Арай шағын ауданының Білал Қалиев көшесіндегі ой жерлерде жаңбыр суына толып,  №15,17 және 18 үйлердің  ауласын су шайған. Бұл аумаққа да су соратын техникалар жіберіліпті.

 

Абат Нұғыманов - Арай шағын ауданы Б. Қалиев көшесінің тұрғыны

 

«Бүгінде мына шарбағымыздың іші судан толып тұр. Ауламызда толып тұр, шарбақтың іші де толып тұр. Мына жігіттер көрді суретке түсіріп жатыр. Енді мына мәшиналар біздерге келіп жатыр, Инвестттенде, әкімшіліктенде, басқа да адамдар енді. Шамасы келгенше суды тартып жатыр, көмектесуінің кемі жоқ»

Тілші: Ассенизатор көліктері аулалары суға толған тұрғындарға да көмектесіп жатыр. Көлік кіре алмайтын жерлерге сораптар қолданылуда. Қалаға қарасты Рахат, Теңге ауылдарының да көшелерін жаңбыр суынан тазарту үшін арнайы техникалар бөлінген.

Серік Қалдығұл - Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары

«Қазіргі таңда 10 техника ассенизаторымыз жұмыс жасап жатыр. Бесеуі өзіміздің «Өзенинвест» МКК ассенизаторы, бесеуін Өзенмұнайгаз, Бұрғылау, Кезби мекемелері көмекке беріп жатыр. Сосын өз күшімізбен екі мотопомпа екі Өзенжылу, екі Өзенинвест, ол қала ішіндегі жол бойындағы суларды сорып жатыр. Қазір біз «Бостандық» шағын ауданында тұрмыз. Бұл жерде өзіміздің арнайы құрылғымен орталық насос суын сорып жатыр»

Тілші: Он сағаттан астам жауған жаңбыр жиырмасыншы сәуір күні түске таяу толастады. Әйтседе, төтенше жағдайға байланысты құрылған команда әзір тұр дейді, қала әкімінің орынбасары. Ал, су алған аймақтарды тазарту жұмыстары жалғаса береді.

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14