ШҰҒЫЛ! Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты Толығырақ

Жас ақындар мүшәйрасы өтті

19:14, 14 шілде 2017

Ақтауда жас ақындар мүшәйрасы өтті. Өнер байқауы "Алаш" қозғалысының 100 жылдығына арналған. Сайысқа 13 пен 18 жас аралығындағы жеткіншектер қатысты. Жас дарындарды анықтап, қазақ тілінің мәртебесін көтеру осы шараның басты мақсаты болды.

Айгерім Сәрсенбаева - жас ақындар арасында жарияланған байқаудың жеңімпазы. 10-сынып оқушысы " Алаш идеясы" және "Қазақстан" атты туындылары үшін марапатталып отыр. Бұдан басқа оның "Анаға", "Әкеге", "Тіл туралы", "Батырларға", "Ұстазыма" деген өлеңдері бар.

Айгерім Сәрсенбаева - байқау жеңімпазы

Мен ақындыққа 7 сыныптан бастап көңіл аудардым. Өлең жаза бастадым. Қалалық сайыстарға қатыстым. Осы сайысты ұстазым айтты. 2 өлең жібердім.

Байқауға 16 жас ақын қатыстырылды. Олар шығармалары арқылы "Алаш" қозғалысының туындау себебін, тәуелсіздіктің маңызын жеткізуге тырысқан. Ұйымдастырушылар жеткіншектердің өнерін жоғары бағалап отыр.

Бектұр Төлеуғалиев - облыстық "Қазақ тілі" қоғамының басқарма төрағасы

Осы балалардың тұсауы кесілді бүгін. Бұл балалардың ішінде 1,2,3 орын алғандары күшті ақын болып кетпесіне кім кепіл. Біздің ішімізден Расул Гамзатов, Олжас Сүлейменов, Абай шықпай ма? Немістің Гейне мен Гетасы. Ағылшынның Байрон мен Шекспирі шықпайды деп кім айта алады? Міне, біздің ішімізден осындай ізденістің нәтижесінде керемет талантты адамдар болуы мүмкін.  

Шараны өткізу арқылы өлеңдері еш жерде жарияланбаған жас дарындарды табу көзделген еді. Қазылар алқасы 5 жүлдегерді  анықтап, олардың поэзия әлеміндегі алғашқы қадамдарына сәттілік тіледі.

Тақырып бойынша материалдар

Ақтауда ағзасын ауыстырғандардың ашық жарысы басталды
20:55, 22 қыркүйек 2017
Ақтауда ағзасын ауыстырғандардың ашық жарысы басталды
Толығырақ...
Қазақстан бокс федерациясы кубогының турнирі басталды
20:55, 22 қыркүйек 2017
Қазақстан бокс федерациясы кубогының турнирі басталды
Толығырақ...
Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты
18:53, 22 қыркүйек 2017
Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстан блоггерлері Маңғыстауда
20:42, 18 қыркүйек 2017
Қазақстан блоггерлері Маңғыстауда
Толығырақ...
Ақтауда мүгедек балаларға арналған  жаттығу залы жоқ
19:17, 18 қыркүйек 2017
Ақтауда мүгедек балаларға арналған жаттығу залы жоқ
Толығырақ...