Жасанды жолмен сәби сүйетіндер көбейді

Маңғыстауда жасанды жолмен сәби сүйгендер көбейді. Өйткені, әйелдер арасында бедеулік, ерлер арасында белсіздіктің алғашқы белгілері белең алған. Сондықтан экстрокорпоралды ұрықтандыру орталығының көмегіне жүгінеді. Медициналық мекеменің ашылғанына 6 ай болды. Осы уақытта 55 әйел жасанды жолмен бала көтерді. Оның 50 пайызының емі сәтті шыққан екен.

21:26, 11 қаңтар 2017   164

Ританың келін боп түскеніне 5 жыл. Денсаулығы сыр беріп, әлі сәби сүйе алмай жүр. 2 рет жасанды түсік жасатуға тура келді. Дәрігерлер жатыр түтігін алып тасаған. Амалы таусылған ол енді жасанды жолмен ұрықтандыруды да байқап көрмекші.   

Рита Қали

Көп жылдан бері бала сүйе алмай жүрмін. Сол себепті осы жасанды ұрықтандыру арқылы сәбилі болуға үмітімді үзбей келіп отырмын.

Рита секілді орталыққа 680 әйел үмітпен келген. Дәрігерлер олардың 55-іне экстрокорпаралды ұрықтандыру әдісін жасаған. 24-і жүкті. 7-еуінің жатыры ұрықты қабылдамады. Қалған 24-і қажетті ем-домын қабылдауда. Алайда, тек әйел ем алу қажет деген жаңсақ пікір. Бала сүйгісі келетін ерлі-зайыптылар бірге қаралу керек,-дейді дәрігерлер.

Әйгерім Дүйсенбаева - әйелдер дәрігері

Бедеулік әйел болсын ер адам болсын қарамайды. Әйелдер барынша өзінің жергілікті дәрігеріне қаралып жүреді. Соңғы себебі, бұл ер азаматтардың ауруларынан да болады. Олар білінбейді.

Қазіргі таңда бедеулік қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Демографияға төнген қауіп жас талғамайды.  Дәрігер-репродуктологтардың айтуынша, өңірде жанама донорлардың генетикалық материалы да тапшы.

«Қазақстан-Ақтау» Ұлттық телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14