Жастар есірткіге қарсы

"Есірткісіз әлемге". Бүгін Ақтауда осындай атпен халықаралық шара ұйымдастырылды. Мақсат - балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау. Айта кетейік халықаралық акция Шанхай ынтымақтастығы ұйымы аясында өтіп жатыр. Басқосуда мамандар мен өңірдің белгілі спортшылары жастарға есірткінің зияны туралы айтып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

20:44, 19 сәуір 2017   214

Есірткі - 21 ғасырдың қатерлі дерті. Сондықтан  нашақорлыққа қарсы күресте бүкіл әлем бірлесе күш салып отыр. Бүгінгі шара соның нақты айғағы. Көп жағдайда есірткіге балалар мен жасөспірімдер тәуелді болып келеді. Жас ағза нашаны тез қабылдап, үйреніп қалады дейді мамандар. Өткен жылдың өзінде бірнеше жасөспірімнің есірткі  қолданданатыны анықталды.

Алтынбек Қалиев - МО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы¤

Жасөспірімдер арасында есірткі қолданушы облыстық наркологиялық есепте, 9 жастенкіншек тұр,

16-17 жастағы балдар. Марихуана қолданып ұсталған балалар.

Марихуана, анашадан бөлек қазіргі кезде жастар арасында синтетикалық есірткілер бел алған. Спайс деп аталатын нашаның түрі адамның бүкіл ағзасын улап, жүйке жүйесін зақымдайды екен. Жаңа жетіліп келе жатқан ағза үшін бұл үлкен соққы. Сондықтан мұндай жаман әдетке ермей, салауатты өмір салтын ұстану керек,,- дейді спортшылар.

Ердос Жаңабергенов - бокстан әлем чемпионы

Қазіргі таңда енді, балдардың бәрін спортпен айналысуға шақырамыз, чемпион болу мақсат емес, ең алдыңғы масат-денсаулығы.

Белгілі спортшылардың жалынды сөздері, осында жиналған жастарға рух берді. Маңғыстау жатсары есірткісіз әлемді таңдайды.

Тимур Цой - студент

Біз есіртіге қарсымыз! Осы туралы өзіміздің қатарластарымызға да айтқымыз келеді. Өйткені наша қолданудың арты жақсылыққа апармайды. Оның арты әр түрлі ауруларға әкеледі.

Шара соңында жас спортшылар жиналғандарға өз өнерлерін паш етті. Ал, белсенді оқушылар есірткінің зияны туралы шағын қойылым қойды.

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасының ресми сайты

130000, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан Байланыс телефондары: 8 (7292) 30 30 14