ШҰҒЫЛ! Заңсыз бекіре тұқымдас балығын тасымалдаған екі күдікті ұсталды Толығырақ

Жастармен кездесу

21:41, 10 тамыз 2017

«Қолдау Қазақстан» үкіметтік емес ұйымымен Жаңаөзен жастар ресурстық орталығы жастар арасында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасын түсіндірді.

Мұнда Мемлекет басшысы ұсынып отырған бағдарламада “Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату”, “Нұрлы болашақ” ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру міндеттері кеңінен атап көрсетілді.

Жастар ресурстық орталығының психолог - маманы жастарға жүктелген міндеттерді нақты мысалдармен түсіндірді. Өз басын, айналасын, елін ойлайтын азаматтардың бала шағынан мысалдар келтірді. Сонымен қатар жасөспірім кезінен отбасына қамқор бола алатын жастар туралы да айтты.

Ерлан Қалиев - Жаңаөзен жастар ресурстық орталығының психолог-маманы 

 «9 сыныпта оқып, семьясына поддержка берген. Видеоролик түсіреді, фотоға түсіреді, компютер жөндейді. Биыл колледжді бітірді. Программист мамандығын алған»

Жиын барысында жастар да өз ойларын ортаға салды. Бағдарламада айтылған жоспарларды әрі қарай орындау үшін атқарылуы тиіс шараларды атап өтті.

Шәмсінұр Байқұлова - «Қолдау Қазақстан» үкіметтік емес ұйымының үйлестірушісі

«Бұл бағдарламаны насихаттау, жастарға кеңінен тарату жыл бойындағы жоспарымызда бар. Бұл осы айда өтіп жатыр. Келесі айлардағы жоспарымызда да бар»

Бағдарламаны насихаттауға арналған «Қолдау Қазақстан» үкіметтік емес ұйымының бірнеше айға арналған жоспары бар. Алдағы уақытта оны қаладағы орта арнаулы оқу орындары студенттері арасында жалғастырмақ.

Тақырып бойынша материалдар

Тұтынушыларына заңсыз қор-қор ұсынған түнгі клуб анықталды
20:24, 16 қаңтар 2018
Тұтынушыларына заңсыз қор-қор ұсынған түнгі клуб анықталды
Толығырақ...
Білім саласы мамандары жолдауды талқылады
19:06, 16 қаңтар 2018
Білім саласы мамандары жолдауды талқылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ақтау қаласы Ақшұқырға дейін созылады
20:59, 11 қаңтар 2018
Ақтау қаласы Ақшұқырға дейін созылады
Толығырақ...
Ақтау қаласының бас жоспары өзгереді
20:57, 10 қаңтар 2018
Ақтау қаласының бас жоспары өзгереді
Толығырақ...