ШҰҒЫЛ! Қаладағы кәуап орталығы заңсыз балық сатқан Толығырақ

Жедел жәрдем қызметі жаңа көліктермен толықты

19:01, 11 қыркүйек 2017

Өткен сенбіде өңір басшысы Ералы Тоғжанов Жаңаөзен қаласына жұмыс сапарымен барды. Мұнайлы шаһарда "ҚазақГазӨңдеу" зауытына ат басын бұрып, балалар ауруханасы мен салынып жатқан мектептердің құрылысымен танысты.

Жаңаөзен қалалық жедел жәрдем  станциясына  облыс әкімі  су жаңа 6 қызметтік көліктің кілтін табыс етті.

Алдымен облыс әкімі "ҚазақГазӨңдеу" зауытына барды. Мекемеде айына  14 мың тонна газ өндіріледі. Мұнда 1004 адам жұмыс жасайды. Өңір басшысы мекеме қызметкерлерінен күн сайын өндірілетін газдың есебін сұрады. Алайда, бұл сұраққа жауап ала алмады. Өйткені мұнда есептегіш құрал жоқ болып шықты. Өңір басшысы тез арада есептегіш құрылғыны қондыруға тапсырма берді. 

Маңғыстауда жаз бойы газ тапшылығы сезілді. Ералы Тоғжанов бұл мәселені де қараусыз қалдырмады. Кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысынан есеп алды. 

Одан әрі облыс әкімі Жаңаөзен орталық паркіне барды. Бір ай бұрын ашылған паркте қараша айында су бұрқақ ашылады. Әкім жасалған жұмыстарға оң бағасын берді

Бағдат Тұрлыбек - "Тазалық" МКК директоры 

Фонтанның көлемі  осы 70:20,  1400 кв метр музыкалы- жарықтандырылған болады. Сонымен қатар, жаңадан тұрғындар отыратын орындықтар, жарықтандыру  болады.

Одан әрі аймақ басшысы балалар ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Мұнда тәулігіне 95 бала ем қабылдайды. Мамыр айында басталған жөндеу жұмыстары 31-ші  қазанда аяқталады. Мұнан бөлек:

Облыс орталығында бастау алған "Денсаулық" фестивалі Жаңаөзенде де жалғасын тапқан. Әкім жедел жәрдем  станциясына барып, дәрігерлерді "Денсаулық" күнімен құттықтады. Мұнда 12 бригада тәулік бойы қызмет көрсетеді. Өңір басшысы оларға су жаңа 6 қызметтік көліктің кілтін табыс етті.

Мұнан бөлек, өңір басшысы шаһардағы мұнай шламына арналған  қамбаның жұмысымен танысты.

Сондай-ақ, Рауан шағын ауданындағы 900 орындық мектептің құрылыс қарқынымен де танысты. Нысанның құрылысы 25-ші тамызда басталған.

Әліпбай Ізмағанбетов - бас инженер

Осы желтоқсанға дейін сыртқы жұмыстары бітіреміз. Тек сыртқы қабырғаларының  жұмыстары келесі жылға қалдырылады.  Ішкі әрлеу жұмыстарын қыстың ішінде жүргізе береміз. 1 млрд 400 млн бөлінген.

Бұл мектептен бөлек, тағы "Ақбұлақ" және  "Рахат" шағын аудандарында 2 мектеп қарқынды салынып жатыр. Осы білім ордаларының құрылысы өз уақытында аяқталса, Жаңаөзен қаласындағы  үш ауысымдық мектеп проблемасы толығымен шешіледі.

Тақырып бойынша материалдар

Бейнеу ауданына  жаңа әкімі тағайындалды
20:31, 25 қыркүйек 2017
Бейнеу ауданына жаңа әкімі тағайындалды
Толығырақ...
Қаладағы кәуап орталығы заңсыз балық сатқан
20:31, 25 қыркүйек 2017
Қаладағы кәуап орталығы заңсыз балық сатқан
Толығырақ...
Республикалық ақындар мүшәйрасы өтті
20:31, 25 қыркүйек 2017
Республикалық ақындар мүшәйрасы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты
18:53, 22 қыркүйек 2017
Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты
Толығырақ...
Маңғыстауда жасанды жолмен 10 сәби дүниеге келді
18:53, 22 қыркүйек 2017
Маңғыстауда жасанды жолмен 10 сәби дүниеге келді
Толығырақ...
Бейнеу ауданына  жаңа әкімі тағайындалды
20:31, 25 қыркүйек 2017
Бейнеу ауданына жаңа әкімі тағайындалды
Толығырақ...