ШҰҒЫЛ! Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты Толығырақ

"Жолда қабылдау" акциясы өтті

20:53, 19 мамыр 2017

"Жолда қабылдау" акциясы басталды. Жергілікті полиция қызметінің мамандары тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Ұйымдастырушылар бұл жолы адам көп шоғырланған «Мағаш» базары маңын таңдапты. Кез-келген адам көкейіндегі сұрағын еркін қойып, тұшымды жауабын алды.

«Жолда қабылдау» акциясы бұған дейін бірнеше рет өткізіліп келді. Тұрғындар толғандырып жүрген сауалдарын қойып, бір шама мәселенің басын ашып алып та жүрді. Бүгінгі өткізілген акцияда олар сақшыларды сұрақ астына алды.

Ия, бұл көптің көкейінде жүрген сұрақ. Ақтау-Жетібай бағытындағы тас жолда қазір күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Республикалық маңызды жол болғандықтан, оның сапасын, құрылымын жіті қадағалау - мамандардың міндеті. Жол салу жұмысының ұзаққа созылуы да сол себепті болса керек. Жетібайлықтың сауалына маман былай деп жауап берді. 

Қала ішіндегі бағдаршамдардың істен шығуы, жолды кесе-көлденең өтетін жаяу жүргіншілердің мәселесі де шет қалмады. Статистикаға тоқтала кетейік. Жыл басынан бері 76 жол көлік оқиғасы тіркеліпті. Оның салдарынан 18 адам көз жұмса, 91 адам әр түрлі дене жарақаттарын алған.

Еркін Дегениязов -   МО ІІД ЖПҚ жол қозғалысын қадағалау бөлімінің басшысы
Жүргізушілердің тарапынан бір жол қозғалысы талатарын сақтамауынан, жылдамдық арттыру, осы себептерден болып тұр жол көлік оқиғалары. Енді біздің тарапымыздан жол көлік оқиғаларының алдын алу барысында жұмыстар жүргізілуде. 

Мұндай шара жылына екі мәрте өткізіледі. Игі іске мұрындық болғандар  осындай алдын алу шаралары келеңсіздіктерді азайтуға сеп боларына сенімді.

Тақырып бойынша материалдар

Ақтауда ағзасын ауыстырғандардың ашық жарысы басталды
20:55, 22 қыркүйек 2017
Ақтауда ағзасын ауыстырғандардың ашық жарысы басталды
Толығырақ...
Қазақстан бокс федерациясы кубогының турнирі басталды
20:55, 22 қыркүйек 2017
Қазақстан бокс федерациясы кубогының турнирі басталды
Толығырақ...
Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты
18:53, 22 қыркүйек 2017
Каспий маңы елдерінің жастары бас қосты
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстан блоггерлері Маңғыстауда
20:42, 18 қыркүйек 2017
Қазақстан блоггерлері Маңғыстауда
Толығырақ...
Ақтауда мүгедек балаларға арналған  жаттығу залы жоқ
19:17, 18 қыркүйек 2017
Ақтауда мүгедек балаларға арналған жаттығу залы жоқ
Толығырақ...