ШҰҒЫЛ! Қылмыстық іс қайта қозғалды Толығырақ

Тындырғанова Лаура Кобыландықызы

1986 жылы 24 қаңтарда Маңғыстау ауданы, Ақшымырау ауылында дүниеге келген. Мамандығы-мұғалім. Еңбек жолын 2007 жылы Маңғыстау  облысы, Маңғыстау ауданы  «Жаңа өмір» газетінде әдеби қызметкер болып бастаған.  2007-2008 жылдар аралығында «Жаңа өмір» газетінде әдеби қызметкер, 2008-2010 жылдар аралығында «Мұнайлы» газетінде тілші, жауапты хатшы,  2010 жылдан 2016 жылға дейін «Жаңа өмір» газетінде тілші, бөлім редакторы,  2016 жылдан 2019 жылға дейін бас редактор, 2019 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында «Маңғыстау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі» мемлекеттік мекемесі басшының орынбасары, 2019 жылдың қазан айынан бастап  «Қазақстан» РТРК» Маңғыстау облыстық филиалында шеф-редактор қызметінде.