1991 жылы 13 шілдеде дүниеге келген. Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының түлегі.
Еңбек жолын 2012 жылы республикалық «СТВ» телеарнасында редактор - тележүргізуші болып бастаған.
2014-2017 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК АҚ, «Қазақ радиосының» Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі болды.
2017 жылдан бастап «Қазақстан» РТРК АҚ «Маңғыстау» облыстық филиалының жаңалықтар бөлімінде редактор-жүргізуші болып жұмыс істейді.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
«Армия генералы» С.Қ.Нұрмағамбетов медалімен марапатталған.
«JAS TULPAR - 2018» Маңғыстау облыстық жастар премиясының «Үздік жас журналист» номинациясының жеңімпазы.
Әр жылдары Маңғыстау облысы әкімінің, мемлекеттік департаменттердің, салалық басқармалардың Алғыс хаттарымен марапатталған.