1984 жылдың 22 наурызында Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласында дүниеге келді.
1990-2001 жылдар аралығында Есбол Өмірбаев атындағы орта мектепті бітіріп шықты.
2001-2005 жылдар аралығында Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп шықты.
2005-2006 жылдар аралығында мұғалім болып қызмет атқарды.
2006 жылдан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалында режиссер қызметін атқарып келеді.