ШҰҒЫЛ! Ата құрметіне аламан бәйге өтті Толығырақ

Оқуов Нұрбол Қаржаубайұлы

1980 жылы 23 қарашада туған.

Білімі жоғары:

2008 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін таукен инженері мамандығы бойынша тәмамдаған.

2017 жылы Алматыдағы Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында  «Медиа және PR-коммуникаций» мамандығы бойынша білім алған.

Журналистика, маркетинг және PR, қоғамдық, творчествалық және әкімшілік-басқару саласындағы жеткен жетістіктері үшін Павлодар қаласындағы аймақтық менеджмент академиясы президиумінің шешімімен, әлеуметтік ғылымдарының доценті академиялық атағы берілген.

Еңбек жолын 2000 жылы "Ақтау сүт" ЖШС слесарь-жөндеуші болып бастаған.

2001 жылы Атырау облысы Жылыой ауданындағы "Теңізшевройл" компаниясына қарасты "Vegyepser - "қазақ-венгр" бірлескен кәсіпорнында құрылыс сатыларын құрастырушы.

2002 жылдан 2012 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК» Маңғыстау облыстық филиалы "Қазақстан-Ақтау" телеарнасында түрлі қызметте болған. Теле-оператор көмекшісі, декоратор, жарық беруші, видео-оператор, тақырыптық және ақпараттық редакциясында редактор, Шеф-редактор, "Жаңаөзен" телеарнасының жетекшісі.

2012 жылы "Қазақтелеком" АҚ Маңғыстау облыстық дирекциясында PR-менеджер, "Сбербанк России" АҚ» еншілес банкі Ақтау филиалында маркетолог, Маңғыстау облыстық "Атамекен" кәсіпкерлер палатасында баспасөз - хатшы, «Маңғыстау индустриялдық палатасы» төрағасының БАҚ және жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесшісі, Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Аймақтық коммуникациялар қызметі» МКК директорының орынбасары, ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы, облыстық экология департаментінің, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз хатшысы. 2019 жылдың қыркүйек ауынан 2021 жылдың қыркүйек айы аралығында Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі.

Масс-медиа саласындағы жалпы еңбек өтілі 19 жыл.

Отбасылық жағдайы: үйленген, 3 баланың әкесі.