Жаз мезгілінде Ақтаудың теңіз жағалауына келушілердің қарасы көбейеді. Демалушылар үшін таза жағажай мен жайлы демалыстан бөлек, дәмді әрі қолжетімді бағамен тамақтанатын орынның болуы да маңызды. Осы талаптарға сай қызмет көрсетіп отырған орындардың бірі - «Серебрянные пески» демалыс аймағындағы «Морской кабачок» дәмханасы.