Немересі Жәнібектің айтуына қарағанда домбыра 1916 жылдары жасалған. Домбыраның қасиеті Сүгір атамыз жыр айтып жатқанда дауысы алдына түсіп отыратын ерекшелігі барекен. Құрылысы да қазіргі аспаптардан бөлекше пішінде. Қақпағында сегіз тесігі бар. Құлақ жанындағы кішкене тиегі алынып, салынатын болған.

Жәнібек Өтелгенұлы Сүгір жыраудың немересі 

«Мұны Өтетілеу деген Сүгір атамыздың ағайыным сол жасап беріп, екі домбыра жасап берген. Сосын Сүгіржан сен біреуін ал деген кезде, екеуін тартып қарап, біреуін алған. Маңғыстау да енді ағаш жоқ. Шанағын бәрін осы шай келет дейді осы шетеннен жасалған дейді. Осы домбыра Сүгір атамыздың өзінен тартқан кезде озып отырады дейді»

Ал, Сүгірдің ұлы Өтелгеннің көзі тірісінде айтқан әңгімесінде домбыраны жасаған Сарман деген шебер екендігін мәлімдеген. Ол кісі қырықмылтық Қарасай, Тәжік жырауларға да домбыра жасап берген.

2004 жылы Сүгір атамыздың 110 жылдығына орай Қызылсай ауылындағы орта мектепке есімі беріліп, алдына алып ескерткіші қойылды. 120 жылдығында аталған білім ордасынан мұражайы ашылған. Жыраудан қалған құнды жәдігерлер сонда орналастырылған.

Феруза Байдуллаева - С.Бегендікұлы атындағы орта мектеп директорының орынбасары

«Мұражайға барымызша отбасымен жанұясымен бірлікте жыраудың бар дүниесін жинақтадық. Шапанын, отбасымен бірлікте әкеліп балаларға үлгі болсын деп, балаларға тәрбиелік мәні болсын деген мақсатта ашылған. Сосын мына жерде ол кісінің бірнеше қолжазбалары қойылған. Жыраудың Ауылға Сүгір келді деген жырымен елге танылған өлеңдері қойылған»

Сүгір Бегендікұлы өз жырларын он екі мақаммен орындаған екен. Соның ішінде жеті - сегізі өзінікі дейді. Қазір өлкеміздегі жыршыларорындауында осы мақамдардың дені айтылып жүр. Сондай - ақ немересінің қолында жетпіс жастан асқан шағында жырлаған өз дауысы сақталыпты.