ШҰҒЫЛ! Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президентімен кездесті Толығырақ

Облысқа жаңа әкім тағайындалды

21:23, 14 наурыз 2017

Сондай-ақ, бүгін Маңғыстау облысының әкімі ауысты. Аймақтың жаңа басшысы болып бұған дейін Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметін атқарған Ералы Тоғжанов тағайындалды. Жаңа әкімді маңғыстаулықтарға ресми таныстыру үшін өңірге Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев келді.

Елбасы ұсынған жаңа әкімнің кандидатурасы алдымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаралды. Депутаттар Ералы Тоғжановтың тағайындалуын бір ауыздан қолдады. Мұнан соң Премьер-Министр өңірдің жаңа басшысын облыс активіне таныстырды.

Бақытжан Сағынтаев - ҚР Премьер-министрі

Еңбек жолын білім саласынан бастаған Ералы Тоғжанов жоғарғы оқу орындарында басшылық етті. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды. Дін істері комитетінің төрағасы, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары болып қызмет етті.

Ералы Тоғжанов - МО әкімі

-Бүгін мына қасиетті Амал күнімен баршаңызды құттықтауға рұқсат етіңіздер. Маңғыстау облысының терең тарихы бар. Еліміздің бүгін аты шығып, Тәуелсіздігіміздің туы желбіреп жатса, сөз жоқ бұл жерде осындай қасиетті өлкенің үлкен үлесі бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Осындай үлкен тойдың басында Елбасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үлкен сенім білдіріп, өздеріңіздің орталарыңызға жіберіп отыр. СКЛ Осы жердегі азаматтардың біразын білемін. Сондықтан қоян-қолтық жұмыс жасайтынымызға кәміл сенемін.

Тізгінді Ералы Лұқпанұлына тапсырған Алик Айдарбаев жаңа әкімге сәттілік, ал табандай 4 жыл бірлесе еңбек еткен маңғыстаулықтарға алғысын білдірді. Өңірдің бүгінге дейін жеткен жетістігі аз емес. Мұның барлығы бірліктің арқасы, - деді Алик Серікұлы.

Алик Айдарбаев - Маңғыстау облысының экс-әкімі 

-Барлық алда тұрған міндеттер мен жоспарларды орындауға тырыстық. Елбасы әрқашанда Маңғыстау облысын қолдап жүретінін сіздер білесіздер. Мысалы, соңғы жылдарда үлкен-үлкен бюджеттік инвестициялар салынып, біздің облыста үлкен-үлкен стратегиялар іске асырылып жатыр.

Алик Айдарбаевтың атқарған еңбегін осылайша атап өткен Премьер-Министр жаңа әкімге бірқатар тапсырма жүктеді. Ең бастысы, Елбасының биылғы Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру.

Бақытжан Сағынтаев - ҚР Премьер-министрі

- Еліміз жаңа технологиялық қарқынға көшуі қажет, еліміз информациялизациялауға өтуі қажет. Егерде біз осының бәрін жасамайтын болсақ, онда ана кетіп бара жатқан жүрдек пойыздың артынан қуалап жете алмай жүреміз.

Жүрдек пойыздың артында емес, алдында жүруге тиіспіз. Өңірді өркендету енді Ералы Тоғжановтың қолында. 

Айта кетсек, Ералы Тоғжанов ел Тәуелсіздік алғаннан бері Маңғыстауға тағайындалып отырған тоғызыншы әкім.

Тақырып бойынша материалдар

17:46, 14 қаңтар 2016
Қала-аудандарға жергілікті полиция қызметінің басшылары таға...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Кешенді медициналық орталық ашылды
20:35, 3 желтоқсан 2021
Кешенді медициналық орталық ашылды
Толығырақ...