ШҰҒЫЛ! Ақтауда 200 ге жуық үлескер 2 жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүр Толығырақ

100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар

19:54, 21 қыркүйек 2021

Қостанайлық кәсіпкер Маңғыстаулық 100 отбасын Солтүстік өңірге қоныс аударып, ауыл шаруашылығымен айналысуға шақырады. Жаңа меморандумға жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қол жеткізілген. Жаңа келісім бойынша «Олжа Агро» ЖШС Маңғыстау облысынан баратын 100 отбасыны баспанамен қамтиды. Оларды әуелі оқытып, сосын ауыл шаруашылығы саласында жұмыспен қамтуға дайын. Егер 100 жанұя осы талаптарға келіссе бас-аяғы 3 жылдың ішінде кәсіптік мамандық меңгеріп, жұмыс табады. Меморандум аясында жүзеге асатын екінші жоба бар. Қостанайға қоныс аударушыларға «1000 жанұя фермері» жобасы бойынша тауарлық несие қызметін ұсынады. Нақтырақ айтқанда, компания отбасына 100 сиырды тауарлық несие түрінде береді. Ал олар жыл сайын туған бұзаулардың жартысын «Олжа Агро» мекемесіне қайтарады.

Айдарбек Ходжаназаров  - "Олжа агро" ЖШС бас директоры

Біз тауарлық несие бойынша 100 сиыр береміз әр фермерге. Біз сосын одан шыққан бұзауды теңбе-тең бөліп осылай 100 сиырды 7 жылдың ішінде сатып ала алады. Сондай қызығатын жоспарларды, шарттарды ұсына аламыз Маңғыстаудың кәсіпкерлеріне. Сондықтан да күтеміз осы Қостанайға шақырамыз.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Жалған вакцина құжатын жасатқан әйел көз жұмды
18:32, 15 қазан 2021
Жалған вакцина құжатын жасатқан әйел көз жұмды
Толығырақ...