
№105 «Ақтау-Басқұдық-Маңғыстау» маршрутының базасы 16 жаңа автобуспен толығады. Бұл туралы облыс әкімдігінің телеграм каналына Мұнайлы ауданының тұрғыны жолдаған сауалға жауап берген Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері мәлімдеді.