ШҰҒЫЛ! Газ бағасы қымбаттады Толығырақ

1737 қандасымыз көшіп келді

20:55, 22 қаңтар 2021

Өңірге өткен жылы 1700-ден астам қандасымыз көшіп келген. Оның 1025-і Түркменстаннан, 629-ы Өзбекстаннан, Ираннан 44, Ауғанстаннан 19 адам қоныс аударған. Сондай-ақ, Ресейден 16, ал Қытайдан 4 адам келген. Жалпы 1992 жылдан бастап облысқа 133 мыңнан астам қандас оралған. Ел тәулесіздігін алғаннан кейін атамекенге келгендердің бүгінгі тынысы туралы толығырақ келесі бейнематериалда.

Атамекенді аңсап, тарихи Отанына келгендердің бірі - Марат Қаратуреев. 2006 жылы отбасымен бірге Қарақалпақстаннан Сайөтеске көшіп келген. 7 жылдан кейін Мұнайлы ауданына қоныс аударды. Егемен еліме оралып, өңір дамуына үлес қосып жүргеніме бақыттымын, дейді.

Марат Қаратөреев - Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының меңгерушісі

Тарихи отанымызға көшіп келгенімізге 15 жылдың төңірегі болып қалды. Содан бері міне өзіміздің отбасымызбен, менің өзім де дәрігер, жолдасым да дәрігер. Келінім де дәрігер. Мына бәріміз бірігіп әйтеуір Мұнайлы ауданының тұрғындарының денсаулығын нығайту жолында аянбай қызмет етіп жатқан жайымыз бар. Жалпы Мұнайлы ауданында мен сияқты тарихи отанына көшіп келген дәрігерлер аз емес. Олар да өзінің еселі еңбектерімен, халықтың алғысына бөленіп жүр.

Балалары да әр салада абыройлы қызмет етеді. Өз алдарына үйлі болып, жапырақтарын жайып келеді. Баспаналы болып, жұмысқа орналасуда қиындық көрмеген.

Азиза Құлжанова - жұбайы

Ешқандай қиындық көрген жоқпыз. Басқа адамдар сияқты квартираларда жүрген жоқпыз. Бізге келгеннен үй берді. Жұмыс орнымызды берді. Бәрі жақсы болды. Қазірде келгеннен беріде 14 жылдай жұмыс жасап, енді зейнеткерлікке шығып, немерелерді қарап отырмын.

Өткен жылдың өзінде облысқа 1737 қандас көшіп келген. Олардың қоныстануы бойынша Мұнайлы ауданы көш бастап тұр. Мәселен,

Маңғыстау облысы бойынша қандастардың қоныстану көрсеткіші (2020 ЖЫЛ) 1737

Мұнайлы ауданы                        1117

Ақтау қаласы                                 329

Бейнеу ауданы                             186

Қарақия ауданы                            62

Түпқараған ауданы                      37

Жаңаөзен                                           5  

Маңғыстау ауданы                       1

Набат Баймұңалова - облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы

Маңғыстау облысына 2020 жылы көшіп келген оралман өте аз. Себебі, мына пандемияға байланысты бүкіл әлемде болып жатқан жағдайға байланысты шекралардың бәрі жабылғандықтан, шетелдерден қазір бізге келу тоқтатылды. Уақытша әрине. Шетелден, бұрынғы келген еліне бара алмайтындығын сезгендіктенде болар, оралман мәртебесін алуға өтініш берді. Ондай өтініштің саны - 2020 жылы 1531 болды. Солардың ішінде  1737-сі оралман мәртебесін, яғни қандас мәртебесін алды.

Ел тәуелсіздік алғаннан кейін елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен шетелдегі қандастарымызды елге көшіру туралы қаулы қабылданды. Содан бері Қазақстанға 1 миллион 70 мың қандас оралды. Мемлекет тарапынан этникалық қазақтардың елге оралуына қолайлы жағдай жасалады.

Тақырып бойынша материалдар

Бетперде тақпаған азаматқа қызмет көрсетілмеген
20:49, 26 ақпан 2021
Бетперде тақпаған азаматқа қызмет көрсетілмеген
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар