ШҰҒЫЛ! 17 кәсіпорынға айыппұл салынды Толығырақ

20 күнде 3 000 жүргізуші ереже бұзды

23:13, 4 маусым 2021

Ақтауда жол ережелерін сақтамаған 3 мыңға жуық көлік жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылған. Бұл 19 күн арасындағы қорытынды. Оның ішінде 6 автокөлік иелері жалған нөмір тағып, көлік басқарғаны анықталды. Бұл туралы өңірде өтіп жатқан "Қауіпсіз жол" республикалық акциясы аясында белгілі болды.

Рейд барысында жол ережелері заңдылықтарын сақтамай, қала көшелерінде өз талаптарын орнататындар анықталды. Полиция өкілдерімен бірлесіп өткізген рейд барысында темір тұлпарының алдыңғы әйнегіне күннен қорғайтын пленка жабыстырып алғандар ұсталды.

Күндіз авто көліктердің жарығын жағу міндеттелген. Алайда, бұл талаптарды пысқырмайтандар да кездесті. Мына жүргізуші көлігінің жарығын жақпай қақ орта жолда өз ережесімен келе жатқан еді, бірақ қырағы көз полицейлер бұл заңбұзушылықты бірден байқады. Көлік жүргізушісі жол ережесін бірінші рет бұзғасын оған тек ескерту берілді. Келесі де мұндай жағдай қайталанса, полицейлер әкімшілік хаттама толтыратынын жеткізді.

Ерболат Раманқұлов - МО ПД қалалық патрульдік полиция батальонының рота командирі

Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолағынан емес, кез келген жерден жолды кесіп өтпек болып, апат тудыруға себепкер болған 500-ге жуық жаяу жүргіншіге әкімшілк хаттама толтырылды. 17 мамырда басталған аталған акция маусымның 16-на дейін жалғасады.

Тақырып бойынша материалдар

Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
19:48, 17 қыркүйек 2021
Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
Толығырақ...
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
19:48, 17 қыркүйек 2021
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
17:47, 13 қыркүйек 2021
Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
Толығырақ...