ШҰҒЫЛ! Салық төлемесең, көлігің қамалады Толығырақ

30 жылда 30 балабақша

19:08, 8 сәуір 2021

Маңғыстау ауданында еліміз Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде 30 балабақша ашылған. Оның 20-ы мемлекеттік, 10-ы жеке мектепке дейінгі мекемелер. Осылайша бұл аудан 3 пен 6 жас аралығындағы барлық ауыл балаларын толықтай бақшамен қамтып отыр.

Маңғыстау ауданында Тәуелсіздік алған жылдары алғаш болып ашылған балабақшалардың бірі - аудан орталығындағы орналасқан "Рахат" балабақшасы. Қазір мұнда 50 бала тәрбиеленіп, білім алуда.Елді жайлаған індет балабақша жұмысына да оңай соқпаған. Көп күндік карантиннен кейін, ақпан айынан бастап жұмысы жанданып жатыр.

Светлана Қалиева - аудандық білім бөлімінің басшысы

Шетпеде 16 бала, 10 - жекеменшік, 6-уы мемлекеттік балабақша. Ал жалпы қамту бойынша 100 пайыз толық қамтып отырмыз. Енді қазіргі кезде мемлекеттік балабақша 1-6 тың арасын қамту бойынша 78 пайыз қамтып отырмыз.

Айнұр Маратқызы - тілші

2800 ге жуық тұрғыны бар Жыңғылды ауылында 80 орындық екі бірдей балабақша жұмыс істеп тұр. Туу көрсеткіші жоғары ауыл үшін әрине бұл үлкен игілік. Мына "Ұлан" бөбекжайы 2015 жылы 16 желтоқсанында, яғни  Тәуелсіздік күні ашылған. Мектепке дейінгі оқыту мекемесінде балалардың жан жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалған.

Балабақшаларда үздіксіз тәр­бие беру мен оқыту түрлі технологиялары енгізіліп жатыр. Мәселен, "Ұлан" бөбекжайында мамандар балаларды жан-жақты дамытуға бағытталған "Тәй-тәй" технологиясымен жұмыс істейді екен. Әдістің ерекшелігі - бүлдіршіндер кез-келген дүниені тереңнен зерделейді.

Арай Әндіржанова - тәрбиеші

Басқа сабақтардан гөрі, жан-жақты ой-өрісін дамытуға жақсы технология. Бір затты балалар жан-жақты ұғына алады. Бұл жерде мәселен 4-5 орталыққа бөлінеді. Бала кезекпен-кезек әр орталыққа барып, 20 бала  4-ке, 5-ке бөлініп, осы "тәй-тәй" технологиясы арқылы білімдерін жетілдіріп, сабақты толық түсіне алады.

Жыңғылдыдағы қос балабақшаның тәрбиешілер құрамы тәжірибелі мамандардан жасақталған. Өйткені, сапалы тәрбие беріп, саналы ұрпақ өсіру - жауапты іс.

Майра Сәдуова - "Ақшағала" балабақшасының директоры

"Ақшағала" бөбекжай балабақшасында қазіргі таңда 13 педагог қызмет атқарады. 13 педагогымыздың 12-і жоғары білімді. 1-еуі арнаулы орта. Педагогтардың бәрі өз іс тәжірибесін шыңдап, білім жетілдіру курстарынан өтіп, бала тәрбиесімен жұмыстанып келеді.

 Осылайша, Маңғыстау ауданында бала туу көрсеткіші өсіп, соған сай мектепке дейінгі мекемемен қамту мәселесі де жақсы жолға қойылған деуге толық негіз бар.

Тақырып бойынша материалдар

66 миллион теңгеге салынған 3 бірдей дәрігерлік пункт қаңырап бос тұр
20:38, 16 сәуір 2021
66 миллион теңгеге салынған 3 бірдей дәрігерлік пункт қаңыра...
Толығырақ...
Айтулы жүйрік сен едің, алдыңа қара салмаған
19:46, 16 сәуір 2021
Айтулы жүйрік сен едің, алдыңа қара салмаған
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Балықшылар еріккеннен ереуілге шықпайды
20:31, 13 сәуір 2021
Балықшылар еріккеннен ереуілге шықпайды
Толығырақ...