ШҰҒЫЛ! Президент тапсырмасын орындауға қатысты міндеттер жүктелді Толығырақ

450 отбасы баспаналарын заңдастыра алмай жүр

19:39, 14 қыркүйек 2021

Ал, Басқұдық ауылында тұратын 400 отбасы сатып алған жерінің құжатын рәсімдей алмай жүр. Себебі, кезінде жеке кәсіпкерден салып алған жер учаскелері өндірістік шаруашылыққа арналған болып шықты. Соның салдарынан тұрғындар баспаналарына тіркеуге тұра алмай, әлеуметтік көмектерден құр қалған. Бірнеше жылдан бері бұл мәселені айтып, әкімдіктің табалдырығын тоздырып келеді. Дегенмен нәтиже болмай тұр. Жеріне иелік ете алмай отырғандар бүгін облыс әкімдігінің алдына жиналып, наразылық білдірді. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Меруерт Айтанова 6 жыл бұрын Атамекен-4 ауылынан жер сатып алған. Содан бері құжатын рәсімдей алмай әлек. Бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Тұрақты тіркелген мекен-жайы болмағасын мемлекет беретін көмекті де ала алмапты. Бүгін көршілерімен бірге "жеріміз заңдастырыпсын" деп әкімдік алдына жиналды.

Меруерт Айтанова - Атамекен ауылдық округінің тұрғыны
Әкімге келіп отырмыз. Бізің немізді шешіп берсін, 1 жапырақ шешімімізді шығарып берсін. Ары қарай өзіміз үшін документтерімізді турлаймыз. Баратын басқа амалымыз қалмады бізде. 2 млнға наличи сатып алдық. 200 мыңға газын өткіздік, тоғын өткіздік. Бәрін заңды төлеп жатырмыз. Әкімсіз мына жерден кетпейміз. Бізге нақты жауап айту керек. Ертең, арғы күні дегеннен шаршадық.  Талай замдарға бардық мұнайлының әкімі шықпайды тек замдары. Бізге әкімнің өзі нақты мііне екі күннен кейін, 1айдан кейін нақты болады деп уәдесін берсін, шешімді шығарып берсін. Болды.

Өзбекбай Құсайынов - Атамекен ауылдық округінің тұрғыны
"Бәрі болады, осында осынай осындай" деген сөз болды. Осы күнге дейін келіп отырыз енді. 13 жыл бұрын келген уақытта светта жоқ еді. Светті өткізіп берді. Рахмет. Газы болды  бәрі. Құдайға шүкір жаман емеспіз. Но заңды тұруымыз керекко бізде.

Тұрғындар жер телімін жеке кәсіпкерден сатып алғандарын айтады. Алайда қолдарында дәлел құжаттары жоқ. Жердің өндірістік шаруашылыққа арналғанын да кейін біліпті.

Болат Қошанов - Атамекен ауылдық округінің тұрғыны

Ауылдықтар осы шағыммен облыс әкімдігінің алдына жиналды. Билік өкілдерінің айтуынша, тұрғындар алаяқтардың құрбаны. Олар мәселені шешудің 2 жолын нұсқады. Біріншісі құзырлы органға шағымдану арқылы, жерді заңдастыру. Екіншісі, сол тұрғын үйлер аумағын Мұнайлы ауданының бас жоспарына енгізу.

Ержан Күмісқалиев - Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары
Тағы екінші жолы сол тұрғын аймағын ауылдың бас жоспарына сәйкес жек тұрғын үй қылып жасау. Ол қазіргі таңда Мұнайлы ауданының бүкіл елді мекендері қазіргі таңда бас жзоспарын өзгертіп жатыр. Соған тиісінше өзгеріс енгізіп, үлгергенше сол аумақты да жеке  тұрғын үй салуға жердік мақсатта өзгертуге мүмкіндік бар. Сол екі жолды пайдаланып, тұрғындардың пайдасына шешілетін болады.  

Мәселенің осы күнге дейін шешілмеуінің себебі белгісіз. Бірақ, аудан әкімдігі аталған тұрғын үйлерге газ құбыры мен электр жарығын жүргізіп берген.

 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
21:44, 24 қыркүйек 2021
Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
19:54, 21 қыркүйек 2021
100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
Толығырақ...