ШҰҒЫЛ! Жаңа қаулы шықты Толығырақ

Ақшұқырда спорт кешені ашылды

19:15, 4 мамыр 2021

Ақшұқырда тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында спорт кешені бой көтерді. Кәсіпкердің көмегімен ашылған кешенде ауыл тұрғындарының спортпен шұғылдануына қажетті жағдай жасалған. Жаңа залда бір мезетте 500 адам жаттығады. Енді ауыл азаматтарына жүзу, бокс, көркем гимнастика үйірмесіне қатысу үшін қалаға барудың қажеті жоқ .

Спорт кешені жекпе-жек түрлерін дамытуға күш салып жүрген атымтай азаматтардың демеушілгімен салынды. Мұнда бір мезгілде 500 бала күрестің сан түрімен, бокс, гимнастика, суға жүзу сияқты спорттың бірнеше түрімен айналыса алады.

Серікбай Трұмов - облыс әкімі

Ашылып  отырған "Сүлеймен промоушн" көпсалалы спорт кешені. Халықтың игілігіне беріліп отырған кешен. Сондықтан спорт кешенінің біздің ауылдың балаларының үлкен жетістігін көруге куәсі болайық. Спорт кешенінде жаттығатын біздің жастарымыз еліміздің көк байрағын желбірететін спорт саңлақтары болуына тілекшімін.

Ақшұқырлықтар көптен күткен спорт кешені үш қабаттан тұрады. Бірінші қабат толықтай боксқа арналған. Жаттығу алаңымен қатар заманауи үлгідегі шаршы алаңы бар. Ал екінші қабат көркем және спорттық гимнастика мен фитнеске арналған. Ал ең жоғарғы бөлігінде күрес, дзюдо сынды спорт түрімен айналысуға болады. Бұған дейін ақшұқырдық спортшылар қалаға қатынап келген.

Әмір Исатаев - Ақшұқыр ауылының тұрғыны

Ақшұқыр аулының тұрғыны бұрын мен "Досан батырға" барып жаттығу жасайтын едім. Қазір осы залдың ашылғанына қуаныштымын . Салып жатқан адамдарға алғысым шексіз. Ақшұқырда спортшылар өте көп бірақ залдың жетіспеуі, тапшылығы бар.

Өңір басшысы Түпқараған ауданына жұмыс сапары аясында "ТЕТИС"  ауыз су өндіру зауытына да арнайы барды. 2015 жылдан бері жұмыс істейтін кәсіпорында қазір ауыз су құю желісін кеңейтіп, автоматтандыру ісі жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады. Жаңғырту жобасының құны 90 млн. теңге. Кәсіпорын жаңғыртудан соң жылына 6 млн дана шөлмек шығаруға қауқарлы болмақ.

 

Тақырып бойынша материалдар

Қос ақынға арналған оқу кабинеті ашылды
21:17, 14 мамыр 2021
Қос ақынға арналған оқу кабинеті ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар