ШҰҒЫЛ! Жұмысшылар жалақыларын талап етіп жатыр Толығырақ

Ақтаудағы аялдамалар жайы

19:45, 23 ақпан 2021

Ақтау қаласында кейбір аялдамалардың жағдайы көңіл көншітпейді. Тұрғындар күн суытса желдің өтінде, аптап ыстықта шақырайған күннің астында тұруға мәжбүр. Тіпті, кейбір жерлерде аялдама атымен жоқ.

Шаһардағы қоғамдық көліктер тоқтайтын орындар талапқа сай емес. Бірі жөндеуді қажет етсе, бірінде орындық жоқ, енді бірі тозып тұр. 194 аялдаманың тең  жартысы жөндеуді қажет етеді әрі санитарлық талапқа да сай емес. Қала орталығында жылы аялдамалардың жоқтығы тағы бар. Мәселен,11 а, 8 ші және 34-ші шағын аудандарда аялдама тіпті жоқ.  Жолаушылар бұл мәселелердің жылдар бойы шешілмей келе жатқанын айтады.

Блиц-опрос

- Рахаттың бұрылысында остановка жоқ. Соған остановка соғу керек. Біз қалада жұмыс жасаймыз. Көп жауын шашын болады. Адамдарға ықтайтын жер жоқ.

- Остановкаларға отырғыш қою керек.Жұрттар түрегеліп тұрады. Енді оның бәрі көрініп тұрғой. Келіп-кететін адамдар бар.

- Өздеріңіз білесіздер, қаламызда көптеген жерлерде остановка жоқ. Осылай автобус күтіп тұрғаныма көп болды,ең құрығанда отырайын десең,орындықтар орнатылмаған.Остановка жоғы халыққа қиын тиіп тұр.

Жауапты мамандар аялдамалар орнату үшін, мекемелер арасында тендер жарияланғанын айтады. Бірақ оның салынуын бақылауға алып, күтіп ұстайтын мердігер мекеме  жұмысты қашан бастайтыны беймәлім.

Айгерім Ашықбаева -  қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы

Ақтау қаласы аумағында биыл 5 аялдаманы орнату жоспарланып отыр. Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобильді жолдары бөлімі тарапынан конкурс жарияланды. Бұл конкурс Наурыздың ортасында аяқталады деп жоспарланған. Конкурс аяқталғаннан кейін жеңімпаз мекеме анықталады. Ол мекеме қаланың бес жеріне аялдама қояды. Әзірге аялдамалардың нақты орны анықталған жоқ,қаралып жатыр. Себебі, қала бойынша қазіргі таңда аялдама қоятын жерлер өте көп. Сұраныс бойынша енді, халықтың сұранысына орай таңдалатын болады. Енді әзірге бір ғана орын белгілі болып тұр,ол 1 ші шағын ауданындағы "Дружба" мекемесінін алдына қойылатын болады.

Айта-айта жауыр болған тақырыптың, қашан өзектілігін жоғалтып, тұрғындардың көтерген мәселесі толық шешімін табатыны да белгісіз.

Тақырып бойынша материалдар

Шағын және орта бизнестің жартысына жуығын әйелдер ширатып отыр
20:48, 3 наурыз 2021
Шағын және орта бизнестің жартысына жуығын әйелдер ширатып о...
Толығырақ...
Ауыл шаруашылығы - ел экономикасының тірегі
20:37, 3 наурыз 2021
Ауыл шаруашылығы - ел экономикасының тірегі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Бетперде тақпаған азаматқа қызмет көрсетілмеген
20:49, 26 ақпан 2021
Бетперде тақпаған азаматқа қызмет көрсетілмеген
Толығырақ...