ШҰҒЫЛ! Президент тапсырмасын орындауға қатысты міндеттер жүктелді Толығырақ

Алаяқтардың арбауына түсіп қалмаңыз!

20:22, 8 қыркүйек 2021

Әлеуметтік желілерде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғаны туралы жазылуда. Айтуларынша, қолдарына папка ұстаған, куәліктері бар жастар өздерінің халық санағын жүргізетіндерін айтып, үйлерді аралап жүр. Санақ жүргізуге келген маман, сізден не талап ете алады? Оны алаяқтардан қалай ажыратуға болады? Келесі бейнематериалда толығырақ.

Елімізде осымен үшінші рет өткізіліп жатқан халық санағының маусым айында  дайындық кезеңі басталды. Екінші кезеңі қазанның аяғына дейін жалғаспақ. 1 қыркүйекте басталған санақ жұмыстары 15 қазанға дейін, яғни 45 күн бойы онлайн режимде sanaq.gov.kz сайтында өтеді. Осы орайда, мамандар санақты сылтауратып, пәтерлерді жағалап жүрген алаяқтардан сақтануға шақырады.  

Римма Утюшева - облыстық ұлттық статистика бюросының департамент басшысы
Интверьюердің қолында арнайы планшеті, көк түсті, халық санағының символикасы бейнеленген шарфы мен сөмкесі болады. Ең негізгісі, оның интервьюер екендігін айқындайтын аумақтық статистика бөлімінің мөрімен расталған құжаты бар. Одан бөлек тіркеу нөмірі көрсетіледі. Ол нөмірді sanaq.gov.kz сайтындағы арнайы жолаққа енгізу арқылы тексеру мүмкіндігі қарастырылады. Сондай-ақ, 1446 нөміріне хабарласуға болады.

Жауаптылардың мәлімдеуінше, интервьюерлер үйлерді қазанның 1-30 аралығында аралап, сауалнама жүргізеді. Әзірге өңірде санақ жүргізбек болған алаяқтар тіркелмеген. Дегенмен, құқық қорғау мамандары тұрғындарды сақ болуға шақырады.

Олжас Әлімбаев - қалалық ПБ ЖПҚ учаскелік полиция бөлімшесі бастығының м.а

Халық санағы елімізде алғаш рет 1999 жылы жүргізілсе, екіншісі 2009 жылы өткен.  Ал, үшінші рет 2019 жылы өтуі керек болған халық санағы пандемияға байланысты  кейінге шегерілген.

 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
21:44, 24 қыркүйек 2021
Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
19:54, 21 қыркүйек 2021
100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
Толығырақ...