ШҰҒЫЛ! Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды Толығырақ

Алименттен қашқанмен заңнан жалтара алмайсың!

20:02, 11 маусым 2021

Жыл басынан бері алимент төлемей, қашып жүрген 24 адамның автокөлігі айыптұраққа жабылды. Борышкерлер бейнебақылау камерасының көмегімен анықталған. Дегенмен күні бүгінге дейін ұл-қызына ақша төлеуден жалтаратындар саны азаймай тұр. Қазір сот орындаушыларының қолында тоғыз мыңнан астам алимент өндіру ісі бар.

Әйгерім жолдасынан 4 жыл бұрын ажырасқан. Қазір екі баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Оның үстіне пәтер жалдап отыр. Жалғызбасты ананың айлығы шайлығына жетпейді. Ал балаларының әкесі сот процесінен кейін, бір тиын да төлемеген. Амалы таусылған Әйгерім сот орындаушыларының қызметіне жүгінуге мәжбүр болады. Мәселенің мән-жайын білген мамандар  дереу іс-шараға кірісті. Енді борышкер тиісті қаражатты уақытылы өтейтін болды.

Әйгерім - өндіріп алушы

Ол екі жылдан кейін ғана алиментін төлейін деп отыр. Осы уақытқа дейін бұрынғы күйеуіммен талай рет сөйлестім. Тіпті телефонын сөндіріп тастайтын. Сот орындаушылары оның көлігін тәркіледі. Сол кезде ғана әрекет ете бастады. Мен сияқты басқа аналар да арнайы мамандардан кеңес алса деймін. Өйткені, осы арқылы ғана нәтиже шығады. Маған заң тұрғысынан көмектескен мамандарға рахмет айтқым келеді.

Жеке сот орындаушылары тәртіп сақшыларымен бірлескен рейдтік шараларды апта сайын өткізеді. Бұл борышкерлердің қарызын өтеуінің бірден-бір жолы болып отыр, - дейді мамандар.

Исатай Аблаев - облыстық жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы басшысының орынбасары

Бүгінге дейін жүргізілген рейдтік шаралар арқылы көлігі айыптұраққа жеткізілген 24 адамның тоғызы қарызын төледі. Олардың жалпы берешек сомасы - 5 миллионды құрады. Бір көлік электронды сауда алаңына шығарылды. Сонымен қатар, 3 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Алиментті мәжбүрлі түрде өндіру шаралары әлі де жалғасатын болады. Біз мұны үнемі бақылауда ұстаймыз.

Жалпы облыста 342 адам алимент төлемей жүр. Олардың бірінің тұрақты жұмысы жоқ болса, енді бірі қарызын өтеуден бас тартады. Дені ұл-қызына жәрдем көрсетуге құлықсыз. Тіпті, балаларынан бөлек тұратындарды елден шығармайтын, көлік жүргізу құқығынан айыратын заң талаптары күшейтілсе де, олар балаларын асыраудан бас тартып келеді. Бұл мәселенің негізі отбасы тәрбиесінде жатыр дейді - әділет департаментіндегілер.

Айзат Тіленбаев - облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары

Мәселе тереңде. Мәселенің тіпті тереңдігі соншалық отбасынан басталады. Әуелде отбасыда берілетін тәрбиеден. Отбасының құндылығын дәріптеу керек арғы түптен түзеу үшін. Тәрбие тал бесіктен дейді. Содан түзеген ең дұрысы. Себебі, жас отбасының арасында кикілжің туындаған кезде оған ақыл айтатын, оған тоқтау айтатын үшінші тарап болуы керек. Ол дегеніміз бізде әке-шеше, ата-ене.

Сондай-ақ, борышкерлер бұрынғыдай ай сайын алимент төлемей жүре алмайды. Әкелік міндетін орындамағандар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мәселен, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады немесе 5 күнге қамауға алынды. Яғни, борышкерлер қайткен күнде де заңнан жалтара алмайды.

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері  марапатталды
21:05, 18 маусым 2021
Медицина қызметкерлері марапатталды
Толығырақ...
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...