ШҰҒЫЛ! Президент тапсырмасын орындауға қатысты міндеттер жүктелді Толығырақ

Аммиак тасымалдауға арналған вагондар жеткізілді

19:42, 14 маусым 2021

Облысқа аммиак тасымалдауға арналған 30 цистерналық вагон жеткізілді. Әрқайсысының жүк көтергіштігі 56 тоннаны құрайды. Цистерналар "ҚазАзот" зауытына тиесілі. Бүгінде Компания күн сайын 650 тоннаға дейін аммиак өндіріп келеді. Сатып алынған жаңа вагондар өнім көлемін күніне 750 тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл өңірдегі аммиак экспортының дамуына да ықпал етпек. Айта кетейік, мекеме Қазақстандағы минералды азот тыңайтқыштарын, оның ішінде аммиакты өндіретін бірегей кәсіпорын.

Абзал Меңдібаев - облыс әкімінің бірінші орынбасары

Отыз су жаңа вагонды әкеліп, Қазақстанның түкпір-түкпіріне тапсырыс берушіге жеткіземін дейтін жоспарды орындау бағытындағы мына жұмыс үлкен қызмет деп есептеледі. Жалпы болып жатса бұл вагондарға қосымша тағы вагондар қосылып, тек қана Қазақстан емес әлемнің басқа да түкпір-түкпіріне, басқа да шет елдерге продукциясын, өнімдерін шығаруға біздің үмітіміз де, сеніміміз де мол.

Ерлан Құдашев - компания өкілі

Ортақ қуаныш қой енді бұл деген. Мекемеміз өсіп жатыр, өркендеп жатыр. Енді ары қарайда осындай жаңашаландыруды игеріп, сенімдеріңізді ақтауға барлық күшімізді саламыз.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
21:44, 24 қыркүйек 2021
Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
19:54, 21 қыркүйек 2021
100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
Толығырақ...