ШҰҒЫЛ! Мұнай қалдықтары төгілген жердің иесі анықталды Толығырақ

Аналардың анасы

19:19, 30 сәуір 2021

Мың баланың анасы. Акушер-гинеколог Екатерина Джиоеваны маңғыстаулықтар осылайша ерекше сүйіспеншілікпен атайды. Ақ халатты абзал жан өзінің бар саналы ғұмырын ана мен бала өмірін арашалауға арнап, сәулелі саясын түсіріп келеді. Аты аңызға айналған дәрігер туралы Ақсындар Табылды айтып береді.

Екатерина Джиоева. Бұл есімді бесік таянған барлық ана жақсы біледі. Сөзі жұмсақ, жүзі жылы дәрігер - қаншама ананың аман-есен босанып, дені сау сәбидің дүниеге келуіне себепкер болды. Жарты ғасыр бұрын Осетиядан Қазақстанға келген жас дәрігер еңбек жолын осы Маңғыстауда бастады. Алғашқы жылдары өзін маман ретінде қалыптастыру жолында нәрестелер мен олардың аналарының өмірін сақтап қалу үшін түбектің түкпір-түкпірін аралады. Ал қазір  бәрі басқаша. Білікті маманды аналар өздері іздеп табады.

Екатерина Джиоева - акушер-гинеколог

аударма

Адамның өмірі мен денсаулығы - басты нәрсе. Дүниеге келген сәбидің аман туылуы, босанғаннан кейінгі ананың қалыпты жағдайы акушер-гинекологқа байланысты. Сондықтан бізге артылған жауапкершілік өте жоғары. Өйткені  алдыма келген аналар алғысын айтып кетеді.  Бұл менің ғана емес ұжымның еңбегі . Алдымызға жағдайы ауыр науқастар келгенде түнімен көз ілмейтін кездер болады.Ал көпшілік жылы сөз айтып, тәтті естеліктерімен бөлісіп жатқанда еңбегімнің жемісті болғанына қуанамын.

            Өткен ғасырдың 70-ші жылдары Қазақстанға қоныс аударған дәрігерге қазақ даласы құшағын кең ашты. Әрине алғашқыда жас маманға оңай соқпады. Жат жер, бейтаныс орта. Тіпті қызметте де техника мен дәрі-дәрмектің жетіспеуі, мамандардың тапшылығы еркін еңбектенуге қолбайлау болды. Дегенмен сол қиындықты ұлт пен дінге бөлмей бауырына басқан қоғам қызметтегі қиындықты ұмыттырып жіберетін.

Екатерина Джиоева - акушер-гинеколог

аударма

Алғашқы жылдардың өзінде мен жат жерде жүргенімді сезген жоқпын. Әлі де мені қазақ елі бөтенсіреткен емес. Осы елді мекен еткен барлық ұлт өкіліне  қазақ жері отанындай. Шетке шықсақ бізді осы жердің топырағы тартып тұрады.

            Екатерина Джиоева қанша сәбиді аман-есен  қолына алып, қанша анаға жәрдемдесті, тіпті есінде жоқ. Кезінде өзі өмірге әкелген бала бүгінде ана болып алдына келіп те отыр. 78 жастағы дәрігер әлі де қызметінен қол үзген емес. Тіпті артынан ерген жас мамандарға тәжірибесін бөлісіп , ақыл-кеңесін айтып отырады. Ал аналар әрқашан оған денсаулық тілеп, әлі де қызметтен  қол үзбеуін қалайды.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Парламент жерді шетелдіктерге сатпауды көздейтін заң жобасын қабылдады
19:13, 5 мамыр 2021
Парламент жерді шетелдіктерге сатпауды көздейтін заң жобасын...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Төккені анық, төккен кім, Төкенов мырза?
20:23, 30 сәуір 2021
Төккені анық, төккен кім, Төкенов мырза?
Толығырақ...