ШҰҒЫЛ! Президент тапсырмасын орындауға қатысты міндеттер жүктелді Толығырақ

Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті

20:40, 9 қыркүйек 2021

Бүгін Ақтауда ардагерлер кеңесінің отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, Президент жолдауының негізгі бағыттарын талқылады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірдегі өзекті мәселелер де сөз болды. Әсіресе, халықты ауыз сумен қамту, мал азығын жеткізу жәйі баса айтылды. Сонымен қатар басқосуда ардагерлер бірқатар ұсыныс білдірді.

Президенттің халыққа Жолдауы - ел болашағы үшін стратегиялық маңызы бар құжат. Онда облысқа қатысты бірқатар бастамалар да айқын көрсетілген. Жиында ардагерлер мемлекет басшысының тапсырмасына кеңірек тоқталды. Кеңес мүшелері тарапынан Қошқар ата көлі, жайылымдық жерлерді суландыру, жем-шөп қорын дайындау, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері баса айтылды. Бұған қоса  Маңғыстауда атом электр станциясын салу туралы да сауал қойылды. Аймақ басшысының айтуынша, аталған мәселелерді шешу жан-жақты қарастырылып жатыр. Дегенмен атом станциясын салу жөнінде нақты шешім қабылданбаған.  

Нұрлан Ноғаев - облыс әкімі
Энергия қажет. Үкімет өз тарапынан энергия үнемдеу шараларын жасап жатыр. Небір автоматты датчиктер қойып жатыр. Жылу электр энергиясын тиімді пайдалану жөніндегі. Дегенмен ауылшаруашылығы өсіп жатыр. Жалпы шаруашылық экономика. Тұтыну көбейіп жатыр. Соны ескере отырып, үкімет пен Самұрық қазынаға тапсырма берді мемлекет басшысы. Анықтаңдар қажет пе? Қажет болса қай жерде салу керек. Қазіргі таңда қандай да бір Қазақстанның бір бөлігінде Атом электр станциясын саламыз деген шешім жоқ. Оның үстіне Маңғыстауда саламыз деген.

Президент бастамасын орындауға жергілікті билік пен қоғам бірлесе жұмылуы қажет. Өйткені ондағы жүктелген міндеттер халықтың әл-ауқатына негізделген. Жиында аға буын өкілдері осыны айта келе, міндеттерді жүзеге асыруда ел бірлігінің берік болуы керектігін тілге тиек етті.

Өмірзақ Озғанбаев - республикалық ардагерлер қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары

Әркім әр жаққа тартпай, тұтас бір бағытқа жұмылып бірін-бірі азаматтардың қолдауы. Бұл үлкен мәні бар шаруа. Ел азаматтары сізбен бірге елдің алдындағы осындай үлкен мәселелерге жұмылады, сөйтіп Маңғыстау өңірі бүкіл республикаға бұрынғыдан да бетер экономикалық қуаты мен бірлігімен аты шығып, алға қадам басады деп тілек білдіремін.

Ардагерлер өзекті мәселелерді шешуге белсене ат салысатынын жеткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасын негізге ала отырып, өңірдің өркендеуіне үлес қоспақ.

Серікбай Төлетов - облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Пандемиядан кейінгі әлеуметтік мәселелер көп айтылды. Білім жүйесі және медицина саласы. Ауыл шаруашылық мәселесі. Өндірістің өркендеуінің негіздері. Облысымызда болатын жаңалықтар. Инвестиция тарту. Жүйелі-жүйелі мәселелерді біз осындай тағы да талқылап, үлкен мақсаттарымыз бар алдымызда. Соны осы жолдаудың іске асыруына біздерде үлесімізді қосамыз деп отырмыз.

Облыс әкімі кеңесте айтылған ұсыныстарды назарға алады. Алдағы уақытта іске асатын жобаларға да тиісті деңгейде қолдау көрсететінін жеткізді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
21:44, 24 қыркүйек 2021
Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
19:54, 21 қыркүйек 2021
100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
Толығырақ...