ШҰҒЫЛ! Ата құрметіне аламан бәйге өтті Толығырақ

Ардагерлер жолдауды талқылады

19:04, 24 қыркүйек 2021

Экономика халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталу керек. Ұлттық табыстың әлеуметтік әділ бөлінуі арқылы Қазақстан дамудың жаңа жолына түседі. Осындай Президент жолдауында айтылған маңызды мәселелер ардагерлер кеңесінің талқысына түсті. Ақсақалдар өздерінің пікірлерін білдіріп, жолдауға қолдау көрсетті. Толығырақ әріптесім тарқатады..

Білім беру саласы мемлекеттің бәсекеге қабілетті болуына тікелей әсер етеді.  Ал денсаулық саласында білікті кадрлар тапшы, қаржыландыру жеткіліксіз. Сондықтан, Президент осы екі салаға ерекше көңіл бөлді.  Жиында ақсақалдар Жолдауды іске асыру жолындағы шаралар мен міндеттерді айқындап, жоспар жасақтау керек, деді.

Серікбай Төлетов - облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы
-Жолдауда айтылған ең маңызы мәселе Ұлттың ұйысуы деген әңгімеміз бар. Бұл бірлікке, өзіміздің ортамызда жастарға үлкен тәрбие беруге мән беріліп отыр. Біз соны ең маңызды мәселе деп отырмыз. Тек қана рухани жаңғыру және тәрбие беру мәселесіне ден қойып, үлкен өмір көрген мына Қазақстанымыздың 30 жылдығына қарсы ел ағаларының үлкен бір еңбегі бар деп жастар арасында насихаттау біздің міндетіміз..

Ауылшаруашылығы саласын дамыту  мемлекет үшін маңызды. Ол үшін инвестиция тарту керек. Жолдауда агросекторды ғылыми жетістіктер негізінде дамыту жөнінде нақты тапсырма берілді. Су тапшылығын сезінетін еліміз үшін де дамыған елдердің тәжірибесін қолданғанымыз дұрыс. Жиынға қатысушылар биылғы жолдау жұқпалы дертттің салдарынан бәсеңдеген экономиканы қайта көтеру үшін дамудың тиімді жолын ұсынып отыр,-деді.

Қалнияз Оңдабаев - Мұнайлы ауданы әкімінің кеңесшісі
- Мына азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі ол мемлекет басшысының тапсырмасының бірі. Сол үшін міне, биыл ауылшаруашылық мәселесі бір жағынан бізде қиындау да болып тұр. Дегенмен де мемлекеттік, кәсіпкерлерді жұмылдыру арқылы осы мәселе де алға қойылып отыр. Сондай-ақ, ауыз су мәселесі біздегі негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Алдағы уақытта ауыз су халыққа толық жеткізу мәселесі де қозғалып отыр.

 Жолдау - қоғамдағы ең өзекті мәселені қамтуымен де елдің көңілінен шықты. Бұл мұнайлылық ардагерлердің ортақ пікірі.

 

Тақырып бойынша материалдар

Еуропалық одақ Маңғыстауда жаңа жобаларды жүзеге асырмақ
19:06, 19 қазан 2021
Еуропалық одақ Маңғыстауда жаңа жобаларды жүзеге асырмақ
Толығырақ...
Қазақ Газ өңдеу зауыты қаншалықты қауқарлы?
19:06, 19 қазан 2021
Қазақ Газ өңдеу зауыты қаншалықты қауқарлы?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған вакцина құжатын жасатқан әйел көз жұмды
18:32, 15 қазан 2021
Жалған вакцина құжатын жасатқан әйел көз жұмды
Толығырақ...
«Кезби» ЖШС- нің жұмысшыларының жаңа талабы заңсыз
21:45, 12 қазан 2021
«Кезби» ЖШС- нің жұмысшыларының жаңа талабы заңсыз
Толығырақ...