ШҰҒЫЛ! Даламыз күлге, қаламыз қоқысқа толды Толығырақ

Аутизм туралы ақпарат тарату күні

20:26, 2 сәуір 2021

Бүгін - бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні. Соңғы 13 жылда елде аутизммен ауыратын балалар саны 20 есе өскен. Қазір 756 мың бүлдіршін есепте тұр. Ал Маңғыстау облысында аутизмге шалдыққан 296 бала бар. Осыған байланысты Ақтауда көгалдандыру шарасы ұйымдастырылды.

Аутизм - дүние жүзі бойынша әлі толық зерттелмеген ауру. Дегенмен бұл - баланың психикалық дамуының бұзылуы. Аутист жандардың кейбірінің тілі тым кеш шықса, енді бірінің есту қабілеті нашар болады. Олардың дені жалғыз болғанды ұнатады. Әрқайсысының өз ерекшелігі бар. Сондай ерекше балалардың бірі - Жарас Асқарұлы. Жасы он екіде. Ата-анасы оның бойындағы аутизм белгілерін 2 жасында байқаған. Содан бері оның қалыпты өмірге қосылуы үшін жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.

Светлана Қожаева - ата-ана

Қазір енді біз өз жасымызға, біздің жасымызға сай ондай көп орталық жоқ бізде. Біз енді қазір арнайы мектепке барамыз. Сосын қосымша бассейн, әртүрлі боча, әртүрлі спорт секцияларына барамыз. Мұндай диагноз енді врачтар, ата-аналар ерте жастан байқаса, ол өте тез жақсы результаттар береді. Ата-ана ретінде мақсатымыз - осы алға қойған мақсатымыз қогғамға қосу.

Аутизм жайлы ақпарат тарату күніне орай Жас отандықтар мен қоғам белсенділері ағаш отырғызу шарасын өткізді. Басты мақсат - ерекше балалардың қоғамнан тыс қалмауына ықпал ету. 34- шағын аудандағы орталық көшеге 50 бала ата-анасымен бірге, 30 түп тал екті. Өз қолдарымен су құйып, жас шыбықтың тамырын бекітті. Игі іске мұрындық болған белсенділер мұндай шараның алдағы уақытта да жалғасатынын айтады.

Наурызбек Мағдатов - "Жас отан" жастар қанаты МОФ төрағасы

Бұл жерде облыстық мәслихат депутаттарын қазір карантиндік жағдайға, пандемияға байланысты, "Жас Отан жастар қан атының" белсенділерін және осы аутизмге шалдыққан балалар мен балалардың ата-аналарын арнайы шақырдық. Осындай ерекше ауруға шалдыққан балаларға енді қазіргі уақытта ең өзекті мәселе орталық керек қой. Сол орталықты алдағы уақытта осы партияның жоспарына сәйкес, мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс жасау арқылы іске асыратын боламыз.

Ал дертпен күресудің бірден-бір жолы - ауруды алдын ала анықтау.  Себебі бала терапияны кішкентай кезінен қабылдаса, оң нәтижесін береді. Сондай-ақ, әр балаға өзіне тән ем жүргізіледі. Сол арқылы балалар айналасымен араласып, қоғамға бейімделеді. Алайда, қазір облыста балаларды оңалту орталықтары жоқтың қасы. Ата-аналар арнайы медициналық мекемелер ашылса, балаларға үлкен көмек болар еді дейді.

Мөлдір Батырбай - тілші

Статистикалық мәліметке сүйенсек, әлемде әр алпысыншы бала аутист болып дүниеге келеді. Бұл дертке қыз балаларға қарағанда, әсіресе ұл балалар көп шалдығады екен. Сол себепті мына көк түс аутизм дертінің символы саналады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
19:22, 9 сәуір 2021
Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
Толығырақ...