ШҰҒЫЛ! Өңірде коронавирустан 14 адам көз жұмды Толығырақ

Ауылдастар алғысы

19:38, 18 маусым 2021

Ауылдық емхана дәрігерлері міндеттерін мүлтіксіз орындап жүр. Атамекендік тұрғындар осылай деп редакциямызға хабарласты. Олар мекеме дәрігерлерінің жұмысына дән риза. Ұжым қызметкерлері қолдан келер көмегін тиісті деңгейде көрсетіп отыр. Соның нәтижесінде жергілікті халық басы ауырып, балтыры сыздап келгенде алғашқы көмектен мұқтаждық көрмейді. Әріптесім Мөлдір Батырбай ауылдық емхана қызметкерлерімен танысып қайтты.

Дәрігер мамандығы - құрметті әрі зор жауапкершілікті талап ететін мамандық. Адам өміріне араша түсетін олар науқастың жағдайын бірінші кезекке қояды. Жанына жипа іздеп келгендердің ауруын жеңілдетіп, ертеңіне үміт сыйлап жүргендердің бірі - Жазира Қоңырбаева. 2000 жылы Түркістан облысындағы Жетісай медициналық колледжінен акушер мамандығын тәмамдаған. Бес жылдан бері ауылдық емхананың аға медбикесі. Жалпы медицина саласында 18 жылдық тәжірибесі бар. Бүгінде жергілікті халықтың денсаулығыни жақсарту жолында еңбек етіп келеді.

Жазира Қоңырбаева - Атамекен бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығының аға медбикесі

Жалпы біздің мақсатымыз - халық денсаулығын жақсарту. Ауырып жол іздегенше ауырмайтын жол ізде дегендей, профилактиклақ  ем-шаралар, профилкатикалық бағытта жұмыс жасаймыз.

Амбулаторияда Жазира сияқты 42 медбике мен 10 дәрігер бар.  Ұжым қызметкерлерінің әрқайсысы өз мамандықтарының жауапкершілігін жақсы сезінеді дейді емхана меңгерушісі.

Ләззат Жұлдызова - Атамекен бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығының меңгерушісі

Енді дәрігер деген мамандық әрқашанда сұраныста. Барлық кезде де адам әтеуір ауырса, ең бірінші осы дәрігерді іздейді ғой. Өздеріңіз білесіздер. Біз енді жалпы емхана болғасын жерде ауырған емес, ауырмай емдегенді жақсы көреміз. Профилактикалық бағытта негізі қызмет көрсетеміз. Екпе жасаймыз. Алдын ала флюраға түсіреміз.

Дәрігер үшін ең үлкен құрмет - халықтың алғысы. Атамекендік ақ халаттылар ауыл тұрғындарының көңілінен шығып үлгерген. Медициналық орталық мамандары былтырғы пандемия кезінде де атамекендіктердің қауіпсіздігі үшін аянбады. Мұны емхананың тұрақты емделушілері жоғары бағалайды. 

Білікті, тәжірибелі мамандар әр науқасты ерекше қадағалауына алып, сырқатынан тезірек айығуына жағдай жасайды.

Нұрсәбит Қуанәлиев - Атамекен ауылының тұрғыны

Емхана жасалғаннан бері осы жерде есепте тұрамын. Емделіп келе жатырмын. Індеттің кезінде де басқа учаскелік бақылау кезінде де тынымсыз уақытпен есептеспей, тынымсыз еңбектерінің арқасында біздің Атамекендегі денсаулық саласында көп өзгеріс бар деп ойлаймын. Осы қыздарға, медицина қызметкерлеріне мереке қарсаңында мол табыс, мықты денсаулық тілеймін.

Гүләй Тілегенова - Атамекен ауылының тұрғыны

Осы жерде осы поликлиника ашылғалы бармын. Өзімнің екі қызым бар. Екеуі де инвалид. Жақсы қарайды бұлар.

Арнау: немересі

Бұл ұжымның бәрі мақтауға лайық. Деген сөз бар денсаулық терең байлық. Ақ халатты асыл жандар аман болсын. Мерекесімен біз құттықтап тұрайық. Құтты болсын баршаңызға мереке. Көрінесің, ажарлысың жүз көркем. Алғыс алып бөлене бер бақытқа. Өмірлерің гүлдей жайнап күні ертең.

Мөлдір Батырбай - тілші

Емі дәру сөзі шипа дәрігерлердің ауыл тұрғындары үшін орны ерекше. Ауру­хана ұжымы бүгінге дейін жергілікті халықтың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп келеді. Өйткені, ақ халатты абзал жандар өз міндеттеріне адал болуды парыз санайды.

Медицина қызметкерлері күні құтты болсын! Құттықтаймыз!

Ауыл тұрғындарының ақ халаттыларға алғыс айтудан жалыққан емес. Оларға деген құрметі еселене бермек.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
20:18, 3 тамыз 2021
"Екпе ал да, пәтер ұтып ал" акциясы жалғасуда
Толығырақ...
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
20:18, 3 тамыз 2021
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
18:52, 29 шілде 2021
Жалған құжат жасаған 86 қылмыстық іс қозғалды
Толығырақ...