
Автотұрақтағы той. Ақтауда көп қабатты тұрғын үйдің автотұрағында үйлену тойын жасағандар анықталды. Бейнежазбада шамамен 200 адамға дастархан жайылғаны анық көрінеді. Көлікке арналған жер асты гаражында думанды жиын өткізу аса қауіпті және өрескел заңбұзушылыққа жатады. Сондықтан той иесі табылып, одан түсініктеме алынды. Бұл іспен Ақтау қалалық санитарлық қадағалау басқармасы айналысып жатыр.