ШҰҒЫЛ! Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды Толығырақ

Балықты қорғау акциясы аяқталды

23:13, 4 маусым 2021

Бір миллиард теңге. Шекарашылар мемлекетке келетін шығынның алдын алды. Бірінші сәуірден 31 мамырға дейін Маңғыстау, Атырау мен Батыс Қазақстан облысында кең ауқымды "Бекіре" балығын қорғау акциясы өтті. Өйткені, бекіре мен басқа да балықтар осы уақыт аралығында Каспийде уылдырық шашады.

Шекарашылар акция  аясында қылмыстық және әкімшілік заңнаманы бұзған 190 адамды ұстады. Олардың арасында бірде - бір шетелдік браконьер болмаған. Тек Маңғыстау және Атырау облыстарының тұрғындары. Оларға 4,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Талғат Төребаев - ҚР ҰҚК шекара қызметі МО департаменті жағалау күзеті басқармасының бастығы

250 шақырымнан астам браконьерлік тор тәркіленді. Табиғи мекендеу ортасына бекіре тұқымдас балықтың 497 данасы бөлшектік түрлерінің 11 477 данасы, сондай-ақ 21 Каспий итбалығы босатылды. Осылайша мамандар, мемлекетке бір миллиард теңгеден астам сомаға келетін  залалдың алдын алды.

Айта кетейік, шекарашылар браконьерлердің торына оралған тірі балықтар мен итбалықтарды тапты. Теңіз "тұтқындары" бірден босатылып, көк айдынға жіберілді. Аулар сол жерде өртелді.

Талғат Төребаев - ҚР ҰҚК шекара қызметі МО департаменті жағалау күзеті басқармасының бастығы

Каспийдің қазақстандық акваториясында браконьерлік қызмет көлемінің төмендемейтінін ескере отырып, ведомство шекаралық кеңістікте табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жалғастыратын болады.

Балық қорғау акциялары жыл сайын өткізіліп тұрады. Маңғыстаулық шекарашылар бұл науқанның нәтижесі өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есе жоғары екенін атап өтті.

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері  марапатталды
21:05, 18 маусым 2021
Медицина қызметкерлері марапатталды
Толығырақ...
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...