ШҰҒЫЛ! 17 кәсіпорынға айыппұл салынды Толығырақ

Баспаналы болды

19:17, 3 маусым 2021

Жаңаөзен қаласындағы бір отбасыға «Харекет» қайырымдылық қоры баспана сыйлады. Сөйтіп, он жылдан астам пәтер жалдап жүрген Нұрқожаевтар ойламаған жерден қуанышқа кенелді. Баспана Рахат ауылынан сатып алынған. Үш бөлмелі сарайға су, тоқ желісі жүргізілген.

Баспаналы болған отбасының үш қызы бар. Соның үлкен 10 жастағы Бақыт 4 жасынан бері эпилепциямен ауырады. Күнкөріс үшін келетін кіріс көзі де шамалы. Сондықтан сырқат жанға да кей кезде дұрыс көңіл бөлінбей қалады екен. Отағасы жеке дүкендердің бірінде жүк тасушы болып жұмыс жасайды.

Майра Ахаева - Рахат ауылының тұрғыны

Баспаналы болған жандардың құрбылары жаңа үйге дастархан жайып қойған. Жиылғандар сол жерде қуанышты жұбайларға тілектерін білдірді. Отбасының қиын жағдайы туралы қайырымды жандарға Рахат ауылының әкімі Өсербай Табыншаев хабарлаған. Сондықтан ұйымдастырушылар елдімекен басшысына да алғысын білдірді.

Айнұр Тұрымбаева - ерікті

Бұл еліміз бойынша «Харекет» қоры сыйға тартып отырған 483 ші баспана болса, Жаңаөзен қаласынан тарту етілген 16 пәтер. Игі іс «1000 теңгеге баспана» жобасы бойынша іске асып отыр. Жоба алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
19:48, 17 қыркүйек 2021
Фильмдерді Қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі
Толығырақ...
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
19:48, 17 қыркүйек 2021
Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
17:47, 13 қыркүйек 2021
Жалған вакцина паспортын сатқандар ұсталды
Толығырақ...