ШҰҒЫЛ! Президент тапсырмасын орындауға қатысты міндеттер жүктелді Толығырақ

Баспаналы болғыңыз келсе, "Ұмайға" келіңіз?!

20:03, 30 шілде 2021

Жаңаөзен қаласының тұрғыны Маржангүл Инятова баспаналы болды. Жас ана мемлекеттік "Ұмай" ипотекасы арқылы «Шұғыла» шағын ауданынан 3 бөлмелі пәтерге қол жеткізді. Ол бағдарлама үйлі болғысы келетін жандарға тиімді дейді ең бастысы үйді өзіңнің қалаған жеріңнен алуыңа болады.

Маржангүл Инятова - қала тұрғыны     
«Ең алғаш мен бұл банктың парақшасына жазылдым. Сосын өзім қызығып менеджерлерге келіп бірінші мақұлдау алдым. Одобрение келгеннен кейін өзім үй іздеп қазіргі таңда сол үйіме қол жеткізіп отырмын. Алдын- ала ештеңе төленген жоқ. Тиімділігі өте жеңіл. Ай- сайын төлемдер болады. Өзің қай жылға дейін ақшаңызыңызға қарай төлеуге мүмкіндіктер өте көп».  

Тек қыз-келіншектерге арналған "Ұмай" ипотекасы Жаңаөзен қаласында маусым айнан бастап жұмыс жасай бастады. Қазірдің өзінде 6 адам баспаналы болып үлгерді. Бағдарламаға тұрақты жұмысы бар 18- жастан 65 жасқа дейінгі әйелдер қатыса алады.  Алғашқы жарна нөл пайыздан басталады. Мамандар бағдарламаға қатысу үшін отбасының жалпы табысы 320 мыңан аспауы тиісті екендігін айтады. Үй кезегінде тұру міндетті емес.  Сондай-ақ, бұл жоба несиені 15 пайыздық бастапқы жарна мен депозитке салым салмай-ақ рәсімдеуге болады.

Мамыр Әріпов - «Отбасы  банк» АҚ  Жаңаөзен қалалық филиалының басшысы
« Бұл жаңа басталып жатқан бағдарлама. Сондықтан, әлі халыққа жеткіліксіз болып жатыр. Негізі пәтер жалдап тұрып жатқан, жалдағанға төлегеннен гөрі өте тиімді деп ойлаймын. Мысалға, 10 жылға деиін аласыз, бірақ алғаннан кейін 6 айдан кейін жауып тастай беруге болады. Мысалға алатын болсақ 10 млн теңгені 10 жылға есептейтін болсақ 155 мың теңгеден шығатын болады. Общий переплатасы 8 млнға  жуық шығады. Егер клиент 10 жыл бойы несиені төлейтін болса. Бұл салыстырмалы түрде келген кездері басқа жерлерде көп жерде 18 процент берген кезде примерно. 1 жарым, 2 есе шығып кетеді переплатасы. Бұл жерде ондай қатты переплатасы болмайды».

 «Отбасы Банк» қалалық филиалы басшысы бұл бағдарламаның несие мөлшері 12 пайыздан  және алдағы уақытта бұл көрсеткіш төмендейді дейді. Несие мерзімі 25 жылға дейін.  Сонымен қатар, «Шаңырақ яғни 5-10- 20» бағдарламасы бойынша Ақтаудағы «Аққу 3» тұрғын үй кешенінен 326 пәтер беріледі деп жоспарлануда. Бұл жердегі басты талап  «Шаңырақ» бағдарламасында кезекте тұруы керек.  Конкурсқа құжаттарды қабылдау 2 тамыздан, 1 қыркүйекке дейін жалғасады. 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
21:44, 24 қыркүйек 2021
Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
19:54, 21 қыркүйек 2021
100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
Толығырақ...