ШҰҒЫЛ! Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды Толығырақ

Бес айдың қорытындысы

21:08, 10 маусым 2021

Маңғыстау- инвестиция тарту бойынша үздік аймақтар қатарында. Жыл басынан бері облысқа 216,1 млрд. теңгенің инвестициясы тартылған. Биыл ауылшаруашылығы саласында 8,0 млрд. теңгенің 10 жобасы іске асып, 200-ге тарта жұмыс орны ашылмақ. Ал мұнайлы өңір соңғы 3 жылда тұрғын үй құрылысы бойынша республикада үздік үштіктен көрініп келеді. Өткен 5 айдың қорытындысы бойынша, құрылыс жұмыстарының көлемі 9,1%-ға өскен. Осы және өзге де жетістіктер мен жасалған жұмыстар жайлы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен орталық комуникациялар қызметінде өткен брефингте облыс басшысы Серікбай Трұмов баяндады.

Маңғыстауда өткен 5 айда ауыл шаруашылығында 5,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Осы жыл  ауылшаруашылығы саласында 8,0 млрд. теңгенің 10 жобасы іске асып,  200-ге тарта жұмыс орны ашылмақ. Жоспарланған инвестициялық жобалар ішінен жылына 5 мың тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы ашылды. Бұл облыс қажеттілігін 50% - ға жабуға мүмкіндік беріп, импортқа тәуелділікті екі есе азайтады .

Серікбай Трұмов - облыс әкімі

Сонымен қатар Мұнайлы ауданы 15 мың тонна құрама жем өндіретін зауыттың жұмысын іске қосты. Жыл сайын жылыжайлар алаңын 7 гектарға ұлғайта отырып бақша және көкөніс өнімдерін 10 пайызға  дейін көбейтуді жоспарлап отырмыз.

Маңғыстау соңғы 3 жылда тұрғын үй құрылысы бойынша республикада үздік үштіктен көрініп келеді. Өткен 5 айдың қорытындысы бойынша, құрылыс жұмыстарының көлемі 9,1%-ға өскен. Жыл басынан бері 440 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2962 отбасы баспаналы болды. Жыл соңына дейін тағы 1,2 млн. шаршы метр үйді қолданысқа беру жоспарда,- деді аймақ басшысы.

Серікбай Трұмов- облыс әкімі

Осы жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарын қол жетімді баспанамен қамту мақсатында 200 отбасыға тұрғын үй сертификаты беріледі. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1587 пәтер беріледі, оның ішінде 181-і көп балалы отбасыларға табысталмақ. Бұдан бөлек, Жаңаөзен қаласын дамытудың Кешенді жоспары аясында жаңаөзендіктерге Ақтау қаласынан 100-ге жуық пәтер беріледі

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыста  27 нысан пайдалануға беріледі. Егемендіктің 30 жылдығы қарсаңында бастау алған «Ел игілігі үшін!» жобасы бойынша   әлеуметтік маңызы бар нысандар, ауылдарда спорт кешендері мен жаңа саябақтар ашылып, субұрқақтар іске қосылады.

Серікбай Трұмов- облыс әкімі

Ақтауда тұңғыш президентінің саябағының құрылысы басталды. Облыс орталығы көп қабатты үйлердің сыртына Еліміздің қастерлі мерекесі - Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын жоғары деңгейде атап өту мақсатында өңірлік іс-шаралар жоспарына маңызды 153 тармақ енгізілді. Мерейтойлық жыл аясында 27 өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандарды халық игілігіне тапсыру жоспарланып отыр

Өңірдегі ауыз су мәселесін кезең-кезеңімен шешу үшін ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Қазір «Каспий» су тұщыту зауытының қуаттын  тәулігіне 40 мың текше метрге дейін жеткізудің 2-ші кезеңі басталды. Зауыт қуаттылығын арттыру жұмыстарын биыл жыл соңына дейін аяқтау жоспарда. Сонымен қатар Жаңаөзен қаласын толықтай сумен қамтамасыз ету үшін Кендірлі курорттық аймағында және Құрық ауылында тәулігіне 50 мың текше метр су тұщытатын зауыт пен «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» аумағында 24,0 мың текше метр су өндіретін қондырғы салу көзделіп отыр -деді өңір басшысы.

 

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері  марапатталды
21:05, 18 маусым 2021
Медицина қызметкерлері марапатталды
Толығырақ...
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
20:50, 18 маусым 2021
Сыйлық жасауға үгіттеген шенеунік қызметінен қуылды
Толығырақ...