ШҰҒЫЛ! Даламыз күлге, қаламыз қоқысқа толды Толығырақ

Бетперде тақпаған азаматқа қызмет көрсетілмеген

20:49, 26 ақпан 2021

Ақтауда дүкенде бетперде тақпаған азаматқа қызмет көрсетілмеген. Азаматша "Mango" дүкенінен тауар сатып алу кезінде қызметкерлер оған маска киюін, дүкен ішінде карантин талаптарын сақтауды сұрайды. Алайда, тұтынушының қарсылық танытуына байланысты дүкен мамандары оған қызмет көрсетуден бас тартып, азаматша олардың әрекеті туралы сотқа арызданған.

Сот қоғамдық орында  қауіпсіздік шараларын сақтау әрбір азаматтың міндеті екенін  және осы талаптарды реттейтін нормативтік акт жалпыға белгілі және дәлелдеуді қажет етпейді деп санап, тұтынушының талап арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады.

Рақымжан Бейсенов - қалалық №2 сотының төрағасы

"Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 27 шілдедегі қаулысы негізінде дүкенде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Covid-19 эпидемиясының таралу қаупінің алдын алу дүкен қызметкерлерінің міндетіне жататынын жеткізді. Сот актісі заңды күшіне енген жоқАрызданушы аппеляциялық сотқа шағымданды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
19:22, 9 сәуір 2021
Әскери ұшақ қонып, тұрғындардың зәре-құтын қашырды
Толығырақ...