ШҰҒЫЛ! Президент тапсырмасын орындауға қатысты міндеттер жүктелді Толығырақ

Білім сапасын арттыру мәселелері талқыланды

20:22, 14 қыркүйек 2021

Білім мен ғылым - елдің тұрақты дамуының кепілі. Ақтауда осындай атаумен педагогика саласы қызметкерлерінің жиыны өтті. Мақсат - әдістемелік орталықтардың қызметін оңтайландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылау. {КСМ} Шараға Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының мамандары арнайы қатысты. Онда пандемия кезеңінде оқушылардың білім сапасын, ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру, әдіскерлер жалақысының төмендігі сияқты мәселелер сөз болды. Жиынға қатысушылар бұл бағытта кездесетін кедергілер мен оларды жою жолдары бойынша бірқатар ұсыныс айтты. Аталған мәселелер алдағы уақытта жан-жақты зерттелмек.

Ғани Бейсембаев - Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті
Білім саласында еңбек етіп жатқан орталықтардың бас бірігіп, бір оқушыға қызмет етуде. Біріккен еңбектің нәтижесін көруге бағытталған әңгімелер қозғалды. Бұның негізгі шешімі ретінде жол картасы әзірленетін болады. Және білім академиясы өзінің тарапынан Маңғыстаудың, облыстың әдістемелік орталықтарының қызметкерлеріне ғылыми сүйемелдеу, қолдау көрсету бағытында бірнеше шаралар қолданылатын болады. Оның ішінде бұл магистрлікті оқыту жалпы олардың ғылыми әлеуетіне қажетті , қорғауға қатысты жағдайлар тудырту, ғылыми зерттеулерге тарту мәселесі қолға алынатын болады.

Жауынбай Қараев - Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы дидактика зертханасының бас ғылыми қызметкері

Әдіскер ұстаздан бір қадам ілгері жүретін ұстазға ұстаз болатын осындай маман. Сондықтан осы әдіскерлердің мәселесін шешу бойынша бүгін көптеген мәселелерді қарап келе жатырмыз. Енді осылардың барлығы кейін үлкен республикалық деңгейде талқыланып нақты шешімдер қабылданатын болады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
21:44, 24 қыркүйек 2021
Облыстық мәслихаттың сессиясы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
19:54, 21 қыркүйек 2021
100 отбасыға Қостанайға көшуге мүмкіндік бар
Толығырақ...